Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Келген туристті күтіп алу үшін де біліктілік керек

23 августа, 2022
in Uncategorized, Мәдениет
0
Келген туристті күтіп алу үшін де біліктілік керек
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік ақпарттық орталығының ұйымдастыруымен гид-экскурсоводтар мен қонақ үй қызметкерлеріне арналған семинар тренинг басталды, деп хабарлайды saraptimes.kz. Аталған іс-шараның басты мақсаты — туризм саласындағы мамандардың қызмет көрсету сапасын жақсарту және білімін жетілдіру. Іс-шараның басты серіктесі Rixos Khadisha Shymkent. Семинар тренингтті бизнесті дамыту бойынша кеңесшілер, сату және брендті нарықта ілгерілету, топ позицияларында ұзақ жұмыс өтілі бар сертификатталған шетелдік коуч мамандар мен жергілікті білікті практиктер жүргізуде. Олардың қатарында Абдуллах Байрактар (Түркия), Юксель Туремез (Түркия), Тони Жу (БАӘ), Наргиз Саломова (Өзбекстан) бар. Аталған мамандар экскурсия жетекшілеріне саладағы жаңа әдістер, өзге елдер практикасы мен гидтердің негізгі қасиеттері туралы айтса, қонақ үй әкімшілеріне менеджмент, нақты нәтижелерге қол жеткізу, команданы басқару және тағы басқа да тың ақпараттарға ие болады. «Шымкент туристік аймаққа бай. Экскурсия жүргізушілері сол туристік обьектілердің айнасы. Туристерді қызықтырып, қайта оралуына себепші болатын негізгі маман. Оларды оқыту туризм саласына қосылған үлкен инвестиция. Олар біздің семинарда саладағы негізі қағидалар мен ең мықты практикалық жаттығулардан өтеді. Нәтижесінде өз ісін жетік білетін маман болады», — деді тренинг жүргізушісі Наргиз Саломова. Шымкентте 80 жуық гид-экскурсоводттар бар. Олардың барлығы да арнайы білімі бар, сертификатталған болуы қажет. Олардың білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, «Visit Shymkent» туристік ақпарттық орталығы мұндай шараларды жыл сайын ұйымдастыруды қолға алған. «Шымкентке жыл басынан (3 ай бойынша жалпы келген туристер саны — 97 501. Резиденттер — 90 433 , резиденттер емес – 7068). Бұл көрсеткіш өңірімізде туризм саласының қарқынды дамып жатқандығының айқын дәлелі. Ал, келген туристі алдымен күтіп алатын қонақ үй өкілдері мен олардың қаланы танып-білуде экскурсия жүргізушілерінің біліктілік дәрежесі аса маңызды екені түсінікті деп ойлаймын. Екі сала өкілдерінің білімдерін жетілдеру арқылы біз қаламызда туристердің сапалы демалуына сеп боламыз», — деді «Visit Shymkent» туристік ақпарттық орталығының жетекшісі Ерлан Умаров. Айта кетейік, аталған семинар-тренинг 5 күнге созылмақ. Шара соңында қатысушыларға біліктілігін жетілдіргені жөнінде сертификат табысталады.

Алдыңғы жаңалық

Текесуда сапалы ауыз су мәселесі шешіледі

Келесі жаңалық

276-орамға сапалы электр жарығы берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі