Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Тазалық әр ауладан басталады

24 августа, 2022
in Қоғам
0
Тазалық әр ауладан басталады
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
https://saraptimes.kz/wp-content/uploads/2022/08/VID-20220824-WA0026.mp4

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тазалық жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп отырады, деп хабарлайды saraptimes.kz. Сондай кезекті тазалау жұмыстары барысында аулалардағы ішкі орам жолдары, сонымен қатар, негізгі көшелер мен аяқ жолдар, ирригациялық жүйелер тазаланды. Қоқыс алаңшалары тазаланып, шөптер орылып, балалар ойын алаңшалары ретке келтірілді. Мұндағы механикалық және қолмен тазалау жұмыстары мердігер мекеме тарапынан жүргізілді. Аталған жұмыстар күнделікті жалғасып, бекітілген кестеге сәйкес атқарыла береді. Тазалық жұмыстарының уақытылы, сапалы орындалуы аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің бақылауына алынған. Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша мегополисте санитарлық тазалау жұмыстары күшейтіліп, төрт аудан аумағында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келді. Бүгінде тазалық жұмыстары кезеңінде көшелердің ирригациялық арықтары мен көше бойларын тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аудан аумағындағы тазалық жұмыстары аудан әкімі аппаратының толық бақылауында болады. Тазалық жұмыстары Абай ауданында да жалғасты. Аудан аумағында санитарлық тазалық, шөп ору жұмыстары жүргізілді. Бүгінде ауданда мердігер мекеме тарапынан негізгі көшелер мен ішкі орамдық көшелердің және аулалардың санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті таңғы сағат 5:00-ден бастап жүргізілуде. Орталық көшелердегі қоқыс алаңдары күнделікті, ішкі орамық көшелер аптасына бір рет тазаланады. Тазалық жұмыстарына мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС тарапынан 300-ге жуық жұмысшы мен 120 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, шөп ору жұмыстарына 4 бригада 45 қызметкер, 35 мотокосилка және газон ору жұмыстарына 5 бригада 30 адам 20 техника жұмылдырылған. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында.

Алдыңғы жаңалық

195 орам көгілдір отынмен қамтылды

Келесі жаңалық

Тісі ауырғандарды түнде де емдейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі