Понедельник, 8 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Билік

№65 Мектеп-гимназиясында алғашқы қоңырау соғылды

1 сентября, 2022
in Билік
0
№65 Мектеп-гимназиясында алғашқы қоңырау соғылды
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы №65 мектеп-гимназиясы білім күніне орай алғашқы қоңырау соғылып, мерекелік жиын өтті, деп хабарлайды saraptimes.kz. Салтанатты жиынға қатысқан Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов оқушылар мен ұстаздарға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. – Болашағынан зор үміт күткен кез келген мемлекет әуелі бала тәрбиесі мен білім саласына аса мән береді. Соңғы жылдары білім саласында үлкен реформалар жүзеге асырылып, қаржыландыру жыл сайын ұлғайып келеді. 2018 жылы Шымкент қаласының экономикалық бюджеті 146 млрд. теңге болса, ал қазір қаладағы білім саласының өзіне 176 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл – елімізде өскелең ұрпақтың болашағына үміт артқанының айғағы. Қаламызда 223 мектепте 242 мыңнан астам бала жаңа оқу жылын бастап отыр. Оның ішінде 28 мыңға жуық оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1 сыныпқа қабылданды. Бүгін мектепке тарыдай боп кірген бүлдіршіндердің таудай болып шығуына тілектеспін, — деді Б.Нарымбетов. Аталған білім ұйымы 2021-2022 оқу жылын олжалы аяқтап отыр. Мектепте 10 түлек «Алтын белгі», 26 оқушы үздік аттестат иесі атанса, 93 түлек мемлекеттік грант иегері атаныпты. 17 оқушы халықаралық ғылыми жобалар мен олимпиадада жүлделі орыннан көрінсе, 10 шәкірт әлемнің үздік университеттерінен грант жеңіп алған. «Шымкент жастар лигасы»сайысында оқушылар футболдан І –орыннан көрініп, мектеп қоржынын 20 миллион теңгемен толықтырды. Одан бөлек, шахматтан ІІ орын, баскетбол жарысында ІІІ-орын алған. Биыл осы мектепте 261 оқушы 1 сыныпқа қабылданып, 10 сынып жасақталған. Орын тапшылығын болдырмау үшін мектеп жанынан 600 орынға лайықталған қосымша оқу ғимараты салынуда. Айта кетейік, Шымкентте жаңа оқу жылында 20 жаңа мектеп ашылды. Нәтижесінде 45 мектеп бір ауысымды, 173 мектеп екі ауысымда, 5 мектеп үш ауысымда білім береді. Білім ұяларының 97,8 пайызы бес күндік, үш ауысымда білім беретін 5 мектеп алты күндік оқумен қамтылады. Өткен жылмен салыстырсақ, бес күн оқитын мектептер – 61-ге артып, 6-күн оқитын мектептер 40-қа кеміді.

Алдыңғы жаңалық

Балаларды мектеп алды дәрігерлік тексеруге шақырамыз!

Келесі жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі