Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Жазғы сурдлимпиадалық спорт түрлерінен iii спартакиадасы басталды

7 сентября, 2022
in Спорт
0
Жазғы сурдлимпиадалық спорт түрлерінен iii спартакиадасы басталды
0
SHARES
26
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында жазғы Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша ҚР III Спартакиада ойындары басталды, деп хабарлайды saraptimes.kz. Төрт жылда бір өтетін бәсеке 06-10 қыркүйек аралығына жоспарланған. Бүгін жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Мақсұт Пернебайұлы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне қала әкімдігі тарапынан барлық жағдай жасалатынын атап өтті. С.Ерғалиев аталған спорт түрлеріне жеткілікті қолдау бар екенін айта келе, дене шынықтыру саласына үлес қосқан бірқатар азаматтарды арнайы төс белгімен марапаттады. Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Спартакиадаға еліміздің барлық өңірінен, спорттың 11 түрінен 1000-ға жуық спортшы қатысады. Атап айтқанда, қол күресі, грек-рим және еркін күрес, дзюдо, таэквондо, бадминтон, жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, футзал және дойбыдан сайыстар өтеді. Республикалық кешенді спорттық-бұқаралық іс-шараны өткізудегі мақсат – есту қабілеті төмен азаматтарды дене шынықтырумен тұрақты шұғылдануға тарту, аталған спорт түрлерін кеңінен насихаттау. Сурдлимпиадалық спорт түрлері Шымкент қаласында қарқынды дамып келеді. Биыл Бразилияның Кашиас-де-Сул қаласында өткен Сурдлимпиада ойындарында еркін күрестен Сабыржан Рсалы күміс жүлдегер атанған болатын. Шымкент қаласынан биылғы Спартакиадада 100-ден астам спортшы бақ сынайды. Айта кетейік, 2022 жылдың алты айында қала спортшылары Қазақстан республикасының чемпионттары мен біріншіліктерінде спорттың 71 түрінен 416 — алтын, 372 — күміс, 398 — қола медаль жеңіп алды. Сонымен қоса, жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында 39 — алтын, 18 — күміс және 24 — қола медальге ие болды. Ал, Әлем чемпионаттарында 28 — алтын, 15 — күміс, 8 — қола еншіледі. спортшы бақ сынайды.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент: Медицина мамандары жолдауға қатысты пікір білдірді

Келесі жаңалық

Бірлік береке бастауы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі