Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді «FITNESS PARK KZ» жобасы аясында өткізілетін отбасылық спорттық жарысқа қатысып, жүлделі болуға шақырамыз. Жарыс туралы толық ақпарат төменде берілді.
«FITNESS PARK KZ» жобасы аясында өткізілетін отбасылық спорттық жарыстың ЕРЕЖЕСІ
Отбасы күніне орай салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «FITNESS PARK KZ» жобасы аясында қаланың жас отбасылары арасында «САЛАУАТТЫ ОТБАСЫ – САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ» спорттық жарыстар ұйымдастыру.
1. Мақсаттары мен міндеттері:
— Жастардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын ояту, достық сезімін тәрбиелеу.
— Балалар мен олардың ата-аналарының денсаулығын нығайту.
— Салауатты өмір салтын насихаттау.
— Мықты команданы анықтау.
2. Өтетін күні: 10.09.2022 ж.
3. Өткізу орны: Шымкент қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы.
4. Жарысты ұйымдастырушы және өткізу:
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі басқармасының қолдауымен «Қуатты Ел» қоғамдық бірлестігі.
Жарысты өткізу дене шынықтыру және спорт жөніндегі жаттықтырушыға жүктеледі.
5. Жарысқа қатысушылар:
Жарысқа отбасында құрамы 4 адамнан (әкесі, анасы және 2 баласы) тұратын – 10 /он/ отбасылық командалар қатыса алады.
Жарысқа 25 жастан жоғары отбасылар қатыса алады.
Қатысушы балалардың жасы 9 — 17 жас аралығында.
Жарысқа қатысушылардың спорттық үлгідегі киімі болуы тиіс.
6. Құралдар мен жабдықтар:
Секундомер, ысқырық, рулетка, 10 дана таған немесе кегли, 10 дана баскетбол добы, 30 дана шар, 10 дана стақан, 10 дана тәрелке, 10 дана қасық, 10 дана секіргіш, 10 дана қап, 100 дана қыстырғыш.
7. Жарыс өтетін орынды безендіру: «Салауатты отбасы – Салауатты қоғам» атты тақырыптық баннер, шарлар және жалаушалар.
8. Музыкалық сүйемелдеу: Спорттық және патриоттық әуендер /марштар/.
9. Ойын шарттары:
— ойын судьяның сигналы бойынша басталады.
— сөре сызығынан шығуға тыйым салынады.
— эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді.
10. Жеңімпаздарды анықтау шарттары мен тәртібі.
Жарыс 7 /жеті/ эстафетадан тұрады.
Командалық орындар барлық эстафеталар уақытының ең аз мөлшері бойынша анықталады.
11. Қазылар алқасы және бағалау жүйесі:
Қазылар алқасының құрамы өңіріміздегі дене шынықтыру мен спорт саласын дамытуға өз үлесін қосып жүрген 3 адамнан тұрады.
Бағалау шкаласын жүйелеу және нәтижелерді есептеу.
12. Жүлде қоры және марапаттау:
I орын — 100 000 теңге және жеңімпаз дипломы
II орын — 70 000 теңге және жеңімпаз дипломы
III орын — 50 000 теңге және жеңімпаз дипломы
Басқа қатысушы командаларға ынталандыру сыйлықтары, алғыс хаттар және гүл шоқтары тапсырылады.