Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қоғам қазынасы — ардагерлер де жолдауға қолдау білдірді

10 сентября, 2022
in Мәдениет, Пікір
0
Қоғам қазынасы — ардагерлер де жолдауға қолдау білдірді
0
SHARES
29
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды saraptimes.kz. Аға буын өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылған мәселелер жөнінде өз ойын ортаға салды. Жиынды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев ашып, жүргізіп отырды. – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы жуырда жарияланған Жолдауында сот жүйесіндегі бірқатар мәселелерді атап өтті. Соның ішінде аудандық сот мен сот алқасы төрағаларын тағайындауға кеңінен тоқталды. Аудандық сот пен сот алқасының төрағасы бұрын тағайындалатын. Президент оны өзара ұжымда сайлау өткізуді ұсынды. Нәтижесінде, аудандық сот пен сот алқасының төрағалары «аға судья» деп аталуы мүмкін. Екіншіден – барлық деңгейдегі судьялардың мәртебесін теңестіруді алға тартты. Қазір аудандық соттар бірнеше бағытқа бөлінген. Азаматтық сот, экономикалық, қылмыстық сот тағы да өзге бағыттар бар. Олардың еңбекақысы әр түрлі. Енді олардың мәртебесі де, еңбекақысы да теңестіріледі. Отыз жылдан бері сот жүйесі реформаланып келді. Соның арқасында сот саласында көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Атап айтқанда қазір елімізде судьялар дербес, әрі атқарушы биліктің сот жұмысына араласуына жол берілмейді. Президент тапсырмасы бойынша енді судьялардың деңгейі артып, одан жоғары тұрған биліктің сот жұмысына ықпал етуіне тыйым салынады. Сонымен қатар, Жолдауда аппеляциялық соттың мүмкіндігін жетілдіру мәселесі де көтерілген. Аппеляциялық сотта істің заңдылығын зерттеу механизмін қайта қарауды және жетілдіруді тапсырды, — деді алқа мәжілісінде сөз алған ардагер судья Ақылбек Елшібаев. Жиында ардагерлер кеңесінің мүшелері Жолдаудағы 5 бағыт бойынша баяндама жасады. Әр ардагер өз саласына қатысты бағытқа пікір білдіріп, ойымен бөлісті. Жолдауға қолдау білдірді.

Алдыңғы жаңалық

Жастар жолдау туралы пікірлесті, сайысты

Келесі жаңалық

Экономиканың қуатын арттыратын әрі импортқа тәуелділікті азайтатын жаңа жобалар ұсынылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі