Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Заңсыз сауда орнына кезекті түсіндіру жұмысы жүргізілді

11 сентября, 2022
in Қоғам
0
Заңсыз сауда орнына кезекті түсіндіру жұмысы жүргізілді
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Төлеметов көшесінде орналасқан заңсыз жұмыс істеп келген ағаш базарының кәсіпкерлеріне кезекті рет ескерту жасалды. Абай ауданы әкімі Бұхарбай Пармановтың сөзінше, мұндағы 86 соттық жер телімі қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан сауда орталығын салуға рұқсат беріліп, эскиздік жобасы келісілген. Алайда қазір осы нысанда кей тұрғындар заңсыз ағаш саудасымен айналысып, жергілікті тұрғандарға кедергі келтіруде.

—Кәсіпкерлерге ағаш базарының талапқа сай келмейтіні туралы түсіндірдік. Нәтижесінде 1 га аумақта сауда жасаған 20-ға жуық кәсіпкер арнайы рұқсат етілген жерге көшті. Қазір жанындағы 86 соттық жер телімі кәсіпкердің жеке меншігі болғанымен тиісті басқармадан ағаш саудасы үшін емес, сауда орталығы құрылысын жүргізуге ғана рұқсат берілген. Қазір осындағы ағаш базары заңсыз жұмыс істеп тұр. Жер телімі бір ғана кәсіпкерге рәсімделген. Ал, қалған азаматтардың сауда жасауына рұқсат жоқ,-дейді Абай ауданының әкімі.

Түсіндірме жұмысын жүргізуге полиция мен қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының өкілдері де келген.

—Жер иесі 2021 жылдың тамыз айында құрылыс үшін жобалау құжаты әзірленген. Осы құжаты бойынша сараптама алынып, басқармадан құрылыс жұмысын бастауға рұқсат алған. Жер телімінің мақсаты —ғимарат пен сауда орталығын салу. Құрылыс бойынша заң талаптары сақталып, жерге тиісті құжаты бойынша жобасы бар. Әйтсе де, құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмеген нысанда сауда жасауға тыйым салынады, —дейді қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бас маманы Досхан Садықов.

Тыйым салынған сауда орнында қазір кәсіпкерлер ағаш сатуын жалғастыруда. Осы түсіндіру назарға алынбаса тиісті басқарма тарапынан әкімшілік айыппұл салынатыны туралы ескертілді.

Алдыңғы жаңалық

Отбасы күні отбасылы болғандар неке куәлігін алды

Келесі жаңалық

Биылғы марафонда рекорд орнады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі