Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Жаңаталапта 2 ойын алаңшасы пайдалануға берілді

15 сентября, 2022
in Спорт, Қоғам
0
Жаңаталапта 2 ойын алаңшасы пайдалануға берілді
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Жаңаталап тұрғын алабында 2 ойын алаңшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды saraptimes.kz. Үшінші мегаполисте халық санының өсуімен қатар, балалар ойын алаңшасына деген сұраныс артуда. Жайлы орта қалыптастыру бағдарын ұстанған Шымкенттің Жаңаталап тұрғын алабында бүгін 2 ойын алаңшасы ел игілігіне берілді. Жұмыс барысымен танысқан қала басшысы, ойын алаңшасына орнатылған құрылғылардың сапасын тексеріп, қосымша жұмыстар бойынша мердігер мекеме және тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктесе, тұрғындардан өз алаңшаларын күтіп ұстауды өтінді. Сонымен қоса, Шымкент қаласы Тұран шағынауданында жыл соңына дейін тағы 4 ойын және спорт алаңшасы бар кешен ел игілігіне берілмек. Өткен оқу жылында Тұран шағынауданында №79 жалпы орта мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Балалар 1200 орындық білім ордасында екі ауысыммен оқиды. Бұл мектеп типтік негізде салынған, ашық спорт алаңшасы бар. Ал, бөбекжайлар мен балабақшалар мемлекеттік жан басына қаржыландыру негізінде жекеменешік нысандардың көмегімен жүзеге асырылып отыр. Көп қабатты үйлердің ауласына бүлдіршіндерге арналған ойын және спорт алаңшалары салынған. Мәселен, 192 орамдағы 16 көп қабатты үйдің алдына 8 кешен орналасқан. Жалпы биыл Абай ауданы аумағында 15 спорттық және 17 балалар алаңшасы халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында салынды. Айта кетейік, биыл қаламызда бюджет есебінен 3 спорт нысанының және жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қоса, Абай ауданында — 25, Әл-Фараби ауданында — 9, Еңбекші ауданында — 11, Қаратау ауданында — 6 спорт алаңшаның құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Жалпы алғанда 51 спорт алаңшасы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда қалада жалпы 346 алаңша бар.

Алдыңғы жаңалық

Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл

Келесі жаңалық

Шымкентте Араб Әмірліктерінің бас консулдығы ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі