Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Кәсіпкерлік субъектілері жарнама мәтіндерін дұрыс жазып жүр ме?

15 сентября, 2022
in Қоғам
0
Кәсіпкерлік субъектілері жарнама мәтіндерін дұрыс жазып жүр ме?
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Шымкент қаласының этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды saraptimes.kz. Атап айтқанда, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлері Қызылжар тұрғын алабы Жиделібайсын көшесіндегі 7 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстарын жүргізді. Аталмыш топ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде орналасқан тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына, халықа сапалы қызмет көрсету тілі мен сапасына мониторинг жүргізеді. Тексеру жұмыстарының барысында 3 коммерциялық нысанның маңдайшасы заң талаптарына сәйкес еместігі анықталды. Кәсіп иелеріне заң талаптарының сақталуы жөніндегі парақшалар таратылып, ескертілді. Кемшіліктер анықталған мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, барлық сауда орындарында екі тілде қызмет көрсету, олардың маңдайшалары мен мәзірлерінің Заң талаптарына сәйкестендіру керектігі түсіндірілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасады. Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы аумағындағы 23 тұрғын алапта этнос өкілдері жинақы қоныстанған. Осы аумақтағы тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік саясат пен қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру, жағымсыз жағдайлардың алдын алу бағытында жыл басынан бері 54 мақсатты кездесу өткізіліп, этносаралық қарым-қатынасқа ықпал ететін ықтимал жағдайларға талдау жасалды. Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарып жатыр. Ал, олардың жанында 21 шығармашылық ұйым мен 3 жексенбілік мектеп жұмыс істейді.

Алдыңғы жаңалық

Татулық пен тұрақтылық - ел дамуының басты негізі

Келесі жаңалық

Шымкент жастар лигасы жеңімпаздарына автокөлік табыстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі