Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Тоғыста инфрақұрылым жаңғыруда

22 сентября, 2022
in Қоғам
0
Тоғыста инфрақұрылым жаңғыруда
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалаға іргелес жатқан Тоғыс тұрғын алабына барып халықпен кездесті, елді мекенде жаңғыртылып жатқан инженерлік инфрақұрылым құрылысын тексерді, деп хабарлайды saraptimes.kz. Қазіргі таңда мұнда 7500-ге жуық халық тұрады. Мектеп, балабақша, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, спорт және балалар ойын алаңшасы, тағы да басқа әлеуметтік нысандар қарастырылған. Алайда атқарылуға тиіс біршама жұмыстар бар. Солардың бірі — ұңғыма салу. Бұл өз кезегінде Тоғыс, Айнатас, Елтай елді мекеніндегі 11 мыңға жуық халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды. Тоғыстан 73 метрлік су ұңғымасы қазылып, болат құбырлар салынуда. Айта кетерлігі, бұл су ұңғымасы қосымша ұңғыма ретінде жаз айларында қолдану үшін керек. Қала әкімі тексеру барысында жұмыстың белгіленген мерзімінен кешікпей, сапалы орындалуына күш салуымыз қажет деп, жауапты мекемелерден нәтижелі жұмыс көрсетуін талап етті. Жалпы Тоғыс жұрты ауыз судан тапшылық көрмеген. Қамтылу көрсеткіші 98,5 % құрайды. Сол сияқты электр жарығын тұтынушылар да 99%. Биыл 11 абонентті жарықпен қамту үшін жаңадан бағаналар орнатылып, электр желілері тартылды. Табиғи газбен қамтылу көрсеткіші де 98% құрайды, тек жаңақұрылыс аумағындағы 31 тұтынушының мәселесін шешу үшін келесі жылы жобалық сметалық құжаты әзірленеді. Мұндағы жолдарға да аса назар аударылуда. Былтыр 2 көше “Ақмая”мен “Айыршық” орташа жөндеуден өтсе, биыл 4 көшеге асфальт төселді. Жалпы мұнда 18-көше бар. Сонымен қатар осы жылы 2 көше “С.Оспанов” және “Мұнайбарлаушылар” көшесі жарықтандырылды. Айта кетейік, Тоғыс елдімекенінде 15 000-нан астам халыққа қызмет көрсететін «Togus-med медицина орталығы» жеке инвестиция есебінен ашылуда. Нәтижесінде медициналық қызметпен қамтылатын елдімекендер — Тоғыз, Елтай, Жыланбузған, Маятас, Айнатас. Орталықтың бір ауысымдағы сыйымдылыгы — 200 адам.

Алдыңғы жаңалық

Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы

Келесі жаңалық

Тоғыста 200 орындық медицина орталығы ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі