Понедельник, 8 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Маятастың ирригациялық жүйелері жаңартылуда

22 сентября, 2022
in Қоғам
0
Маятастың ирригациялық жүйелері жаңартылуда
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымшаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалаға шалғай орналасқан елді мекендердің жаңадан орнатылып жатқан ирригациялық жүйелерінің құрылыс барысын тексеріп, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды saraptimes.kz. Соның бірі — Еңбекші аудан аумағына қарайтын Маятас тұрғын алабы. Қазіргі таңда Қ.Нысанбайұлы көшесі бойына ирригациялық науалар орнатылуда. Жалпы Еңбекші ауданы бойынша Тоғыс, Маятас, Бадам-1 тұрғын алаптары мен Шаңырақ шағын ауданында 1,6 шқ құрайтын арықтар қазылуда. Екі ай бұрын басталған жұмыс қазан айында аяқталады. Құрылыс жұмыстарының сапасы мен ауқымын межелеген қала әкімі бұған дейін берген тапсырмаларының тиянақты орындалуын талап етті. “Ауа райының қандай болатынын болжап біле алмаймыз және мол жауын-шашын жауғанда дайын болу үшін аумақтағы арыз-атыздар салынып бітуі керек”, — деді қала әкімі. Былтыр аудан аумағында 13 мекенжайда 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды. Ал биыл жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеген. Су басуды алдын-алу үшін бірінші кезекте 7,3 шақырым құрайтын 21 нысанға ирригациялық жүйелер салу жоспарланды. Бүгінге дейін 14 мекенжайда жалпы ұзындығы 5,3 шақырым болатын арықтар орнатылып, бітуге жақын. Олар Қарабастау тұрғын алабы, Бойыт ата, Қаратөбе тұрғын алабы, Гулабад, Қаратөбе тұрғын алабы, Наурыз, Тоғыс тұрғын алабы, Керуенсарай, Бадам-1 тұрғын алабы, Досметов, Ш.Уалиханов №190, Қызғалдақ, Теріскей №47, Сайрам №38а, Өркен, Б.Момышұлы, Саяжол. Қалған 31 мекенжайға ирригациялық жүйелер 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі. Айта кетейік, 2023-2025 жылдар аралығында Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы 31 мекенжайға ирригациялық арық орнату жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Профиленд» ЖШС-і Қызғалдақ көшесінде жұмыстар жүргізуде.

Алдыңғы жаңалық

Тоғыста 200 орындық медицина орталығы ашылады

Келесі жаңалық

Шымкентте алдағы 3 жылда 5 емхана, 200 орындық периниталдық орталық ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі