Суббота, 14 июня, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте әскерге шақырушыларға тапсырыс саны 40 пайызға артқан

23 сентября, 2022
in Билік, Қоғам
0
Шымкентте әскерге шақырушыларға тапсырыс  саны 40 пайызға артқан
0
SHARES
29
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл жөнінде Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Алмаз Тілеуханов айтты.
Ол «Шымкент қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында жасаған баяндамасында 2019 жылдан бері әскерге шақырушылар саны 40 пайызға артқанын жеткізді.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Рустам Ақбаровтың жетекшілігімен Шымкент қаласындағы жергілікті әскери басқару органдарының басшылық құрамына «Күзгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру мен өткізу» тақырыбында оқу-әдістемелік жиын өтті.
Жиынға қала әкімінің орынбасары – қалалық шақыру комиссиясының төрағасы Шыңғыс Мұқан, Шымкент гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Бағлан Телеу және басқа да әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар қатысты.
Жиын барысында Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Алмаз Тілеуханов көктемгі әскерге шақыру кезеңінің қорытындысын шығарып, күзгі науқанға арналған жұмыстар мен жоспарлары туралы баяндады.
Қорғаныс департаменті бастығының айтуынша, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жоспары 2021 жылмен салыстырғанда 72 адамға артқан.
– Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті 2019 жылы құрылған сәтте азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жоспары 1 жылға 1200 жуық баланы құрайтын, ал қазіргі таңда 2022 жылғы көктем-күз әскерге шақыру жоспары 1600 жуық азаматты қамтиды. Қаладан көктемгі шақыруға берілген тапсырыс артығымен – 103%-ға орындалды. Атап айтсақ, Қарулы күштер қатарына 16 адам, Ұлттық ұланға 9 адам берілген тапсырыстан артық жіберілді. Күзгі әскерге шақыру жоспарына сәйкес, қаладан барлығы 800-ге жуық адам шақырылмақ. Бұл жоспарды сапалы орындау үшін 6 мыңнан астам азаматты зерделеу керек. Бүгінде қала бойынша 3 мыңнан астам азамат зерделеніп, оның 300-ге жуығы іріктеліп, жеке істері толықтырылуда, – деді полковник Алмаз Тілеуханов.
Сондай-ақ, жиын барысында Президент жолдауы да талқыланды. Қорғаныс министрлігінен келген офицерлер құрамы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы тармаққа нақтырақ токталды. Бұл жолда Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің аға офицері капитан Ербол Айтбаев пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Жазира Әлжанова сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою туралы негізгі бағыттарға тоқталып, жемқорлыққа қарсы күрес кешенді негізде, яғни мемлекеттік органдар мен азаматтардың тығыз қарым-қатынасында жүзеге асырылуы керек екенін атап өтті.

Алдыңғы жаңалық

Самал-3 шағын ауданының бірқатар көшелеріне асфальт төселді

Келесі жаңалық

Биыл мемлекеттік басқару академиясына құжат тапсырғандар саны 3 есеге артқан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі