Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте 25 қабатты зәулім үй тұрғызылуда

26 сентября, 2022
in Қоғам
0
Шымкентте  25 қабатты зәулім үй тұрғызылуда
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында ең биік тұрғын үй кешені салынуда, деп хабарлайды saraptimes.kz. “Capital City” — 12-25 қабат, 20 блоктан тұратын үшінші мегаполистегі ең биің тұрғын үй кешені болмақ. Жалпы ауданы 5 га, “Шымкент сити”-ден бой көтеруде. Құрылыс барысы қарқынды. Жаңа тұрғын үй кешенін көруге арнайы барған қала әкімі Мұрат Әйтенов мердігер мекемеге нысанның құрылысы барысында туындаған мәселелердің шешімінде жан жақты көмек көрсетілетінін атап өтті. Кешен жеке инвестор «Capital Invest Construction» ЖШС есебінен жүзеге асырылуда. 120 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 1, 2, 3 блоктардағы 4, 5 қабаттың және 6 блоктағы 10 қабаттың қабырғаларын салу аяқталды. Енді инженерлік желілер тартылып, бөлме аралық қабырғалары қаланады. 1,5 га алаң абаттандырылады. Айта кетейік, Шымкент қаласы республика бойынша тұрғын үй құрылысы өте қарқынды жүріп жатқан аймақтардың қатарына кіреді. 2020 жылы 649,1 шаршы метрге баспана салынған болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 1 миллион шаршы метрге дейін жетті. Шымкент қалалық құрылыс басқармасы ұсынған ақпараттарға сәйкес, жыл соңына дейін 173,3 мың шаршы метр құрайтын жалпы саны 2084 пәтердің құрылысы жүргізілу жоспарланған. Шымкентте техникалық тексеру нәтижелері бойынша тозығы жеткен 107 тұрғын үй анықталған. Аталған тұрғын үйлерді реновация бағдарламасына енгізу қарастырылуда. Қазіргі таңда реновациялық бағдарламаны инвесторлар арқылы азаматтық заңнамаға сәйкес жүзеге асыру жайы қолға алынуда. Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын қаржыландыру жергілікті бюджет және инвестициялар арқылы, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, қала аумағы бойынша 60-тан аса тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Алдыңғы жаңалық

Болашаққа қадам бүгіннен басталады

Келесі жаңалық

«Shymkent tower» сауда-іскерлік орталығы бой көтермек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі