Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Еліміздің үздік жедел жәрдем қызметі Шымкентте

26 сентября, 2022
in Денсаулық, Мәдениет
0
Еліміздің үздік жедел жәрдем қызметі Шымкентте
0
SHARES
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының жедел-жәрдем станциясы елімізде үздік атанды, деп хабарлайды saraptimes.kz. Медициналық ұйым өкілдері жедел медициналық жәрдем қызметінің республикалық спартакиадасында біліктіліктерін дәлелдеп, бірінші орынға ие болды. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасының Жедел медициналық көмек қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жедел медициналық жәрдем қызметі бригадаларының спартакиадасы екі күнге созылды. Оған барлық өңірден 18 команда қатысып, біліктіліктерімен сынасты. Командалар манекендер мен стандартталған пациенттерді пайдалана отырып, шынайы жағдайға барынша жақын клиникалық станциялардан өтіп, жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге көмек көрсетуде, босануды қабылдауда, суға батқан кезде зардап шегушіні құтқаруда, балалар реанимациясын жүргізуде және жіті коронарлық синдромы бар ер адамды қиын жағдайдан шығаруда өз шеберліктерін көрсетті. Бүкіл кезеңдер медицина саласындағы танымал мамандардан тұратын құзыретті қазылар алқасының жіті назарында және бағалауында болды. Спартакиада қорытындысы бойынша 159,5 балл жинаған Шымкент қаласының командасы үздік бригада болып танылды. Екінші орынды елордалық – Астана қаласының командасы (159 балл) иеленді. Жүлделі үшінші орынды – 143 балл жинаған Абай облысының қомандасы қанжығасына байлады. Айта кетейік, Шымкент қаласында ауыр жағдайда жедел жәрдем шақырған науқастарды сәтті реанимациялау көрсеткіші өте жоғары. Салыстырмалы түрде қарасақ, республика бойынша сәтті жансақтаудың орташа көрсеткіші 46 пайызды құрайтын болса, Шымкентте ауыр жағдайда жедел жәрдем шақырған 100 адамның 59-ы сәтті реанимацияланған. Мұны денсаулық сақтау саласындағы өте маңызды жетістік деуге болады.

Алдыңғы жаңалық

«Shymkent tower» сауда-іскерлік орталығы бой көтермек

Келесі жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі