Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Біліктілікті арттыруға арналған көшпелі отырыс

30 сентября, 2022
in Мәдениет
0
Біліктілікті арттыруға арналған көшпелі отырыс
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында екі күнге созылған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды saraptimes.kz. Аталған іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері, сондай-ақ «Деловой Казахстан» халықаралық ақпараттық агенттік директоры А.Қоржұмбаев, Factcheck.kz ақпараттық сайтының тілшісі Ж.Тілеухан, мобилограф А. Жақсыбаев, ҚХА журналистер клубының мүшелері, блогерлер, «Уйғур Авази», «ДАЗ», «Коре ильбо» т.б этноБАҚ өкілдері, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстары және Астана қаласының «Қоғамдық келісім» КММ басшылары мен баспасөз қызметкерлері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – консультативтік-сарапшылық платформада тұрақты түрде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту және бұл бағытта қалам тартатын БАҚ өкілдері, блогерлер мен сарапшылардың күш-жігерін біріктіру, ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыруда практикалық дағдылар мен құралдарына үйрету, баспасөз қызметкерлерінің, Журналистер клубы мүшелерінің біліктілігін арттыру. Пікірталас және пікір алмасу форматында өткен отырыс барысында БАҚ пен әлеуметтік желілерде этносаралық қатынастар мәселелерін дұрыс ұсыну және жариялау бағытындағы ақпараттық жобалар, интернет кеңістігіндегі ақпараттық контентті ілгерілетудің тиімді құралдары талқыланды. Отырыс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этносаралық қатынастар бойынша Журналистер клубы Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясындағы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен этносаралық қатынастар, патриотизм, өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін сыйлау сияқты тақырыптарды кеңінен насихаттау және дамыту мақсатында құрылған.

Алдыңғы жаңалық

Алтынтөбеде асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда

Келесі жаңалық

Қоқысты шығару жөніндегі жұмысқа қанағаттанбаған жағдайда тұрғындар компаниямен шартты бұзуға құқылы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі