Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Жастар- қоғамның ең негізгі қозғаушы күш

9 октября, 2022
in Мәдениет
0
Жастар- қоғамның ең негізгі қозғаушы  күш
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің белсенді жастарымен кездесті, деп хабарлайды saraptimes.kz. «Global coffee» ғимаратында өткен кездесуде жастармен бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы Жолдауында жастар саясатын іске асыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Кездесу барысында жастар көкейіндегі көптеген ұсыныстар мен пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда, белсенді жастарымен саяхат жасау, студенттерімен бірлесе отырып іс-шаралар ұйымдастыру, спорттық жарыстар өткізу,ұлттық спортты дамыту (атқа міну) сынды ұсыныстар айтылды. Орталық басшысы М. Исахов өз тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар жастар қоғамның идеалына айналатынын айта отырып, жастарды өз елінің патриоты, идеал тұлғасы болуға шақырды. — Қазіргі таңда қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жастар арасындағы негізгі мәселе болып табылатын жұмыспен қамту, отбасы құндылығы секілді бағыттарда жұмыстар іске асырылуда. Сондықтан, жас буын мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың барын сезінуі керек, – деп қорытындылады ол өз сөзін. Айта кетейік, Шымкент қаласындағы «Тәуелсіздік» саябағында қала жастары «Мен елімді сүйемін» акциясын өткізді. Республикалық челлендж аясындағы акцияға ЖОО студенттері, белсенді жастар қатысты. Акция Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру, саяси шешімдерін қолдау, жастар арасында насихаттауды мақсат еткен. Жиналған жастар еліміздің жалаушаларын қала тұрғындарына, қонақтарына таратып, викториналық сұрақтар қойды.

Алдыңғы жаңалық

Корей этносының мәдениеті күні аталып өтті

Келесі жаңалық

Мектеп мұғалімдері жасыл алаңда кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі