Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Жаңаталап тұрғындары жолдауға қолдау білдірді

13 октября, 2022
in Cаясат, Қоғам
0
Жаңаталап тұрғындары жолдауға қолдау білдірді
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының Абай ауданы Жаңаталап тұрғын алабында Президент Жолдауы аясында тұрғындармен кездесу өтті, деп хабарлайды saraptimes.kz. «AMANAT»партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары М.Қалмұратов, Абай аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, қалалық мәслихат депутаты М.Жолдықожаев Жолдаудағы басым бағыттарды атап берді. Кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру мәселелері, саналы ұрпақ тәрбиелеу, адам капиталын дамыту мәселелері талқыға түсті. Шымкент қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Оразәліұлы еліміздің алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі әртараптандырылған және жаңа технологияға негізделген экономика құру, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасына жәнеЖолдауда айтылған 5 бағдарға жеке-жеке тоқталып өтті. Жиын барысында елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту, жолдардың сапасын арттыру мәселелері қозғалды. «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы билік пен қоғам арасында тұрақты диалогты қалыптастыру арқылы азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасалып, олардың құқықтарын қорғау қамтамасыз етілетінін айтып, жиынды қорытындылады. Сонымен қоса, ҚР Президентінің Жолдауын насихаттау мақсатында AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Шымкенттегі №137 жалпы орта мектеп базасында өткен жиынға AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, AMANAT партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ш.Қозыбақов қатысты. Басқосу барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы насихатталып, ондағы саяси және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары жайында сөз қозғалды.

Алдыңғы жаңалық

Бастауыш партия ұйымының өкілдерімен кездесті

Келесі жаңалық

Шымкентте «Мың жүйрік» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі