Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Шымкентте «Мың жүйрік» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

14 октября, 2022
in Білім, Мәдениет
0
Шымкентте  «Мың жүйрік» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған «Мың жүйрік» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды saraptimes.kz. Онлайн түрде өткен байқауға этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді еркін меңгерген балалары қатысты. Республиканың барлық өңірлерінен 5-12 жас аралығындағы 531 бала өтініш беріп, олар 4 бағыт бойынша бақ сынады. Атап айтқанда байқау «Ертегі әлеміне саяхат», «Тұлғалар тағылымы», «Мен ұнататын мамандық» және «Туған өлкеге тағзым» тақырыптары бойынша өтті. Қазылар алқасы балалардың жұмыстарын қарап шығып, үздік 10 оқушыны жеңімпаз деп таныған. – «Мың жүйрік» республикалық байқауын осымен екінші рет ұйымдастырып отырмыз. Бұл байқаудың мақсаты Мемлекет басшысының қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде ілгерілету жөніндегі тапсырмасымен үндесіп, үйлесіп жатыр. Мемлекеттік тілді білу – баршаға міндет. Тілдің маңызын арттырып қана қоймай, оны өскелең ұрпақтың бойына дарытуға әрқайсымыз атсалысуымыз керек. Бұл – ортақ міндетіміз. Бала жастан тілді үйретудің де маңызы жоғары, — деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов. М.Шотанов республиканың әртүрлі өңірлерінен келген байқау жеңімпаздарын марапаттап, оларға арнайы сертификаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырды. Марапаттау рәсімінде қазылар алқасының мүшесі Зәуре Оралбаева мен Шымкент қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Икрамжан Хашимжанов сөз сөйлеп, жеңімпаз атанған оқушыларды құттықтады. Айта кетейік, 2021 жылы өткен байқауға қазақ тілін меңгеруге арналған ағартушылық жобаға республика аумағында тұратын 300-ге жуық этнос балалары қатысып, ережеде көрсетілген талаптарға сай 4 бағыт бойынша өз өнерлерін бейнеролик арқылы ұсынды. Олардың ішінен ережеге сәйкес, 10 бала таңдалды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сый-сияпаттар табысталды.

Алдыңғы жаңалық

Жаңаталап тұрғындары жолдауға қолдау білдірді

Келесі жаңалық

Ұлтты тәрбиелейтін ұстаз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі