Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкенттік дәрігерлер 16 жастағы баланың ағзасын сақтап қалды

1 ноября, 2022
in Денсаулық
0
Шымкенттік дәрігерлер 16 жастағы баланың ағзасын сақтап қалды
0
SHARES
140
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттік дәрігерлер 16 жастағы балаға күрделі ота жасап, ағзасын сақтап қалды, деп хабарлайды saraptimes.kz. Тумасынан ауыр дертке шалдыққан науқас балаға хирургтар ашық әдіспен урологиялық операция жасап шықты. Қалалық клиникалық балалар аурухана базасында мұндай отаны дәрігерлер алғаш рет жасап, оң нәтижеге қол жеткізіп отыр. Операциядан кейін науқасты дәрігерлер күнделікті тексеріп, жағдайын бақылап отыр. Ауыр дертке шалдыққан пациентке дәрігерлер дер кезінде «гидронефроз» диагнозын қойып, бүйрегін сақтап қалды. «Түскен кездегі баламның жағдайы ауыр еді, бет аузы іскен. Дереу ота жасады,қазір жағдайы жақсы. Баламды аман алып қалған дәрігерлерге алғысым зор», — дейді науқастың анасы Маргуба Ергешова. Дәрігерлерің сөзінше, бүйректегі дерттің салдырынан науқастың зәр шығару жолдарында кедергі болған. Нәтижесінде бүйрек жұқарып, жұмыс істеу қабілеті нашарлаған. Пациентті толық тексеріп шыққан мамандар күрделі ота жасап, зәр шығаратын аумағындағы кеңейіп кеткен астаушалырын пластикалық жолмен емдеген. Операциядан кейін науқаста бүйректің қызметі бірден жақсарды дейді мамандар. «Астаушасына ота жасап, бүйрегін сақап қалдық. Қазір бүйректің 70-80 пайыздай болып, қызметі жақсарды. Бұл ота жалпы наркозбен, ашық түрде жасалады. Зәр шығару жолын ешқандай кедерісіз өтуіне жол жасадық», — дейді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-хирургі Қайрат Ізбасов. Қалалық клиникалық балалар ауруханасында мұндай урологиялық ота алғаш рет жасалды. Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Ақ халаттылар пациенті алдағы апта ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, емдеу мекемесінде урологиялық төсек орындар ашылып, медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер арнайы оқытудан өткен.

Алдыңғы жаңалық

Асар-2 елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды

Келесі жаңалық

Біз жұлдыз болып жанамыз!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі