Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Біз жұлдыз болып жанамыз!

1 ноября, 2022
in Мәдениет
0
Біз жұлдыз болып жанамыз!
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және «Халқыма тағзым» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында мүмкіндігі шектеулі талантты жастардың арасында шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды saraptimes.kz. Кеш аясында келушілер жас қолөнер шеберлерінің көрмесін де тамашалады. Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жастарға кедергісіз орта қалыптастыру, өмір сүру сапасын арттыру және өмірдің барлық салаларында қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу. Жалпы осыған дейін аталмыш іс-шаралар кешені аясында жастарға арналған арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікті меңгеру бойынша курстар, қаланың көрікті жерлері мен мәдени мұражайларға экскурсия жасау, үстел теннисі және шахматтан турнир және жас қолөнер шеберлерінің көрмесі өткізілген болатын. Бүгін осы іс-шаралар қорытындыланып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды. Жиында сөз алған Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов еліміздегі азаматтарды мүмкіндігі шектеулі деп бөлмей, барлығына бірдей қолдау көрсетілетінін атап өтті. – Шымкент қаласында жастардың сапалы білім алуына, шығармашылықпен айналысып, мүмкіндіктерін толық ашуына барынша жағдай жасалып келеді. Өнер-білімге жаны құштар жастардың қоғамдық өмірге белсене араласуына осындай іс-шаралардың тигізер көмегі көп. Сонымен қатар, риясыз көңілмен өнерлерін паш еткен ерекше жастарға ризашылығымды білдіремін, — деді М.Шотанов. Ал, ерекше жас шеберлердің қолынан шыққан көрмеге қойылған бұйымдар көпшілікті тәнті етті. Кеш соңы концерттік бағдарламамен жалғасты. Кеш аясында келушілер жас қолөнер шеберлерінің көрмесін де тамашалады.

Алдыңғы жаңалық

Шымкенттік дәрігерлер 16 жастағы баланың ағзасын сақтап қалды

Келесі жаңалық

Мәселеңіз болса акцияға қатысыңыз!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі