Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мәселеңіз болса акцияға қатысыңыз!

1 ноября, 2022
in Қоғам
0
Мәселеңіз болса акцияға қатысыңыз!
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында орналасқан мәдениет үйінде «Заң керуені» акциясы өтті, деп хабарлайды saraptimes.kz. ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен республика көлемінде өтіп жатқан бұл акцияның мақсаты – жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту. Аталған іс-шараға Шымкент қаласының прокуратурасымен қатар барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдардың мамандары қатысып жатыр. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бүгінде жаңа Қазақстан мен әділетті қоғам құру бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның ішінде Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңызы зор. Әділетті қоғам орнатудың басты алғышарты заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Сол себепті Шымкент қаласының прокуратурасы халықпен тікелей байланыс орнатып, қоғамдағы ең өзекті мәселелермен танысып, олардың заң аясында шешімін табуына ықпал етеді, – дейді Шымкент қаласы прокурорының орынбасары, аға әділет кеңесшісі Берген Ержаппар. – Бүгін халықпен тікелей кездесе отырып, қоғамдағы өзекті мәселелерді азаматтардың өз аузынан естіп жатырмыз. Кейбір келеңсіз жағдайлар, заңсыздықтар орын алып жатқан болса, осында жиылған тиісті құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып дереу проблеманы шешуге болады. Сонымен қатар кейбір азаматтарға заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық кеңес беріліп жатыр, – дейді қала прокурорының орынбасары. Оның айтуынша, акция аясында шешілмеген күрделі мәселелер Шымкент қаласы прокуратурасының бақылауына алынып, толық тексеріліп, зерделеніп, тиісті іс-шаралар қолданылады. Айта кетейік, аталған акция 3 күн бойына жалғасады. Сонымен қатар Шымкент қаласының прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы тұрақты түрде жұмыс істейді. Ол жерге кез келген азамат барып, кезекші прокурорға өзінің сұрағын қойып талаптары мен арыздарын жеткізе алады.

Алдыңғы жаңалық

Біз жұлдыз болып жанамыз!

Келесі жаңалық

Төрт күн ішінде мәселеңіз шешіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі