Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Литвалық дәрігерлер шымкенттік медицина мамандарына шеберлік сабағын өткізді

9 ноября, 2022
in Денсаулық
0
Литвалық дәрігерлер шымкенттік медицина мамандарына шеберлік сабағын өткізді
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін, білім деңгейін және практикалық дағдыларын арттыру мақсатында Шымкент қаласына бір топ Литвалық дәрігерлер келді. Тәжірибе алмасу жұмыстары кезінде медицина мамандары қалалық перинаталдық орталық базасында кәсіби біліктілігін шыңдады.

Шеберлік сабағына қаладағы медицина ұйымдарынан 50-ге жуық маман қатысты. Тренингті өткізу үшін Каунас қаласынан халықаралық деңгейдегі мамандар, профессорлар, магистрден тұратын Литва денсаулық ғылымдары университетінен мамандар бригадасы арнайы шақыртылған. Нақтырақ айтқанда, профессор, акушер-гинеколог Томас Биржетис; неонатолог, профессор Далья Стонене, анестезиолог-реаниматолог Сергей Истигечев, акушер -Данголе Качкаускене; неонаталдық медбике, клиникалық күтім магистрі.-Юлия Старик.

Өзге елден келген білікті мамандар бір аптаға жуық жүкті әйелдер мен жаңа туған шақалақтарға медициналық көмек көрсету әдістері бойынша біліктіліктерімен бөлісті.

Шет елдік мамандардың қатысуымен өткен шеберлік сабағында теориялық біліммен қатар симуляциялық манекендерде практикалық дағдылар да пысықталды. Оқыту жұмыстарын ұйымдастырған мамандардың сөзінше, мұндай шеберлік сабағы жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге дер кезінде шұғыл акушерлік, неонаталдық, реанимациялық көмек көрсету сапасын арттырып, ана мен бала өлімін азайтуға зор септігін тигізеді.

 

«Литвалық дәрігердің үйрету әдісінің ерекшелегі- олар теория мен практиканы дұрыс ұштастыра біледі. Мәселен екі сағат теория оқытса, сол оқытқан теория сабағы бойынша практика жүзінде шеберлік сабағын өткізеді. Биыл Шымкент қаласы әкімідігі тарапынан медицина мамандарын оқыту үшін 36 млн қаражат бөлінді . Жыл басынан бері 10 мыңға жуық медицина маманы кәсіби біліктілігін шыңдады. Мәселен, 800 маман жергілікті бюджет есебінен оқытылса, қалғандары емдеу және аурухана есебінен оқытылған. Менің ойымша, мұндай оқыту жұмыстары қаладағы мседицина қызмет сапасын жақсартып, мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдауға зор мүмкіндік береді»-дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек.

Алдыңғы жаңалық

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Келесі жаңалық

Атырау облысының әлеуметтік сала өкілдері - Шымкентке іс-сапармен келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі