Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Атырау облысының әлеуметтік сала өкілдері — Шымкентке іс-сапармен келді

9 ноября, 2022
in Қоғам
0
Атырау облысының әлеуметтік сала өкілдері — Шымкентке іс-сапармен келді
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері — Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды saraptimes.kz. Мақсат – Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасыныңның жұмыс методикасымен танысу, әлеуметтік мекемелердің жұмыс барысын көзбен көріп, жалпы тәжірибе алмасу. Арнайы топ құрамында Атырау облысының 7 ауданының әлеуметтік сала жетекшілері бар. Батыс Қазақстандық әріптестер, бірінші — қаламыздың зейнеткерлеріне қызмет көрсететін «Белсенді ұзақ өмір» орталығында болды. Бүгінгі таңда 800-ге жуық ардагерлердің уақытын тиімді ұйымдастыруға үлес қосып отырған мекеменің жұмыс жасау методикасымен танысып, барысын көзбен көріп, қызмет алушылармен тілдесті. Құралай Тлеумағамбетова – Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы: — Бүгін сапар аясында «Белсенді ұзақ өмір» орталығының базасында болдық. Қариялардың белсенділігін арттыруда орны ерекше мекемені біз өз аймағымызда да ашуға ниеттіміз. Барлық заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген мекеменің жұмысы көңілімізден шықты. —
Түс ауа, арнайы топ өкілдері №4 балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына және «Бақытты жанұя» мен «Тең қоғам» мекемелеріне барды. Қос тарап, аймақтардағы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік саладағы әдістемелер туралы өзара пікір алмасты.
Осы бағыттағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда Шымкент қаласы мен Атырау облысы арасында өзара байланыс алдағы уақытта да, нығая бермек. Айта кетейік, Атырау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыс сапары апта бойы жалғасатын болады.

Алдыңғы жаңалық

Литвалық дәрігерлер шымкенттік медицина мамандарына шеберлік сабағын өткізді

Келесі жаңалық

Көкбұлақта мәдениет үйін жаңғырту жұмысы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі