Шымкент қаласындағы политехикалық колледжд студенттері арасында «Жас көшбасшылар» атты семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды saraptimes.kz. Психологиялық тренингті Жастар ресурстық орталығының психология бөлімінің басшысы Айгүл Шынтөреева, тәжірибелі психолог Марал Жұмагелді жүргізді. Семинардың мақсаты – жастардың бойындағы көшбасшылық қабілетін дамыту, көпшілік алдында еркін сөйлеуді үйрету, дейді ұйымдастырушылар. – Өзіңді өзгерпей, өзгені өзгерту мүмкін емес. Қоғаммен араласпай, көпшілік ортада қорқатын адамдарға психологтың көмегі керек-ақ. Бүгінгі кездесуде осы тақырыпта кеңестер айтатын боламыз. Бұдан бөлек, жауапкершілік алуға қатысты білімге қазіргі жастар бей-жай қарайтыны байқалады. Осы тақырып төңірегінде жұмыс жасауымыз керек,-деді тәжірибелі психолог Марал Жұмагелді.Семинар барысында жастар кәсіби мамандармен ашық форматта тілдесіп, сұрақ-жауап өрбіді.Айта кетейік, Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының төрт бөлімшесі 14-29 жас аралығындағы жастарға психологиялық көмек беруге дайын. Жеке қабылдаудан өтуге болады Қазіргі қоғам жастардан әлеуметтік танымы мол, белсенді және сауатты болуды ғана емес, көшбасшылық қабілетті де талап етеді. Көшбасшы – ұйымға ғана емес, қоғамға да ықпал ете алатын болуы керек. Ол өзінің мақсат-мүддесін толық сезініп, оны қорғай білуі қажет. Ал мұндай мінездерді қалыптастыру жолында «Өзін-өзі басқару ұйымдары» мен осындай тренингтердің маңызы зор. «Өзін-өзі басқару» ұйымдарының жұмысын күшейту мақсатында өткен шара әрмен қарай өз жалғасатын табады. Мұндай жобалар жастардың өмір ағымдарына бой алдырмай, саналы, сауатты еңсеруіне жағдай жасау мақсатында жүйелі түрде ұйымдастырылып отыруы қажет.