Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері туған елге оралды

14 ноября, 2022
in Спорт
0
Бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері туған елге оралды
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Иорданияның Амман қаласында Азия құрлығы елдері арасында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы кезекті чемпионат өз мәресіне жетті. Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте 6 алтынмен бас жүлдені жеңіп алды. Құрама сапында шымкенттік Жайна Шекербекова алтын, ал талантты боксшымыз Сабырхан Махмұд күміс, Мадина Нұршайова қола медальді иеленді. Бүгін жерлестеріміз туған елге абыроймен оралды. Сары құрлық елдерінің ең талантты боксшы ұл-қыздары қатысқан бұл додада Қазақстан ұлттық құрама командасы құрлық бойыншаүздік команда екенін тағы да бір рет дәлелдеді. Шаршы алаңда жоғары техникамен жұдырықтасқан қазақ боксшылары жеті рет еліміздің Әнұранын Азия аспанында қалықтатты. Рингте атой салған 54 келі салмақтағы шымкенттік Жайна Шекербекова ақтық сында тайландтық Жутомас Джитпонгпен кездесіп, 5:0 есебімен айқын басымдылықпен ұтты. Азия чемпионатының басы- қасында болып боксшыларымызға қолдау көрсеткен Шымкент қалалық бокс клубының басшысы Заңғар Қасқаев бұл чемпионаттың Азия ойындары мен олимпиада ойындары қарсаңындағы үлкен сынақ екендігін жеткізді. Ал, дарындылығымен талай бокс мамандарын таң қалдырған Сабырхан Махмұдтың Азия чемпионатындағы жекпе-жегіне бүкіл жанкүйерлер ыстық ықыластарын білдірді. Жерлесіміз Сабырхан Махмұдтың болашағынан мол үміт күтіп отыр. Тіпті, бокстан ұлттық құраманың бас бапкерлері де Сабырханның техникалық жұдырықтасуы өте жоғары екендігін де айтады. Еліміздің мерейін асырып келген талантты боксшыларымыздың арасында Шымкент қаласының өкілі Мадина Нұршайова да бар. Жерлесіміз құрлық додасынан мол тәжірибе жинап келгенін айтып, еліміздің намысы үшін алдағы кезде де бар күш-жігерін көрсететінін жеткізді. Бүгін Шымкент әуе жайынан шымкенттік боксшыларды қарсы алған бүкіл жерлестеріміз бен спорт мамандары еліміздің ең тәжірибелі бокс майталмандары ағайынды Сафиллуиндерге де құрмет көрсетті. Алда жауапты жарыстар күтіп тұр. Ол әлем чемпионаты мен олимпиада ойындары. Жерлестерімізге әрдайым жеңіс тілейміз.

Алдыңғы жаңалық

Жеңіл өнеркәсіп өркен жайып келеді

Келесі жаңалық

Әлеуметтік нысандардың құрылысы жоғары қарқынмен жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі