Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Әлеуметтік нысандардың құрылысы жоғары қарқынмен жүргізілуде

14 ноября, 2022
in Экономика, Қоғам
0
Әлеуметтік нысандардың құрылысы жоғары қарқынмен жүргізілуде
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкент қаласында құрылыс саласы қарқын алған. Бүгінде қала аумағында көптеген көпқабатты үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Ал атқарылып жатқан жұмыстар жайын шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтың өзі тексеріп, тиісті тапсырмаларды беріп келе жатыр.

Биыл үшінші мегаполисте бюджет есебінен жалпы құны 56,8 млрд теңгені құрайтын 90 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 31 кредиттік тұрғын үй және 20 арендалық тұрғын үй салыны жатыр. Шымкент қаласының құрылыс басқармасы негізгі ірі құрылыс нысандарына жұмыс тапсырушы болып табылады. Оның ішіндегі негізгі нысандардың бірі тұрғын үй құрылысы саналады. Шымкент қаласында тұрғын үйге сұраныс өте жоғары екендігін ескере отырып, биылғы жылы 2 972 пәтері бар 51 тұрғын үй салынуда және жылдың аяғына дейін қолданысқа беру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, бүгінгі таңда тнженерлік инфрақұрылым бойынша 15 нысан (Тұран шағынауданындағы 5 жоба, Бозарық шағынауданындағы 6 жоба, әкімшілік-іскерлік орталығындағы 2 жоба және Жаңаталап тұрғын алабындағы 2 жоба) жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша 13 нысанның (4 спорт нысаны, 3 мәдениет нысаны, 2 саябақ, 2 өрт сөндіру нысаны, 1 биотермиялық шұңқырдың және 1 денсаулық сақтау құрылысы) құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде, 1 саябақ, 2 спорт нысаны, 1 өрт сөндіру нысаны және 1 биотермиялық шұңқырдың құрылысын биылғы жылы аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, білім саласында да құрылысы жүріп жатқан нысандар бар. Атап айтқанда, 8 мектеп, 1 колледж, 1 оқушылар сарайы және 1 балалар шығармашылық орталығы салынып жатыр. Жылдың аяғына дейін 5 мектеп, 1 колледж және 1 балалар шығармашылық орталығын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Айта кету керек, бүгінде үшінші мегаполисте оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде. Жобаны салудағы мақсат — оқушыларды сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде сабақ өткізуге және педагогтардың, ата-аналар мен балалардың тәрбие саласындағы өзара іс-қимылына жағдай жасау, балалар тұлғасының шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамыту. 7-18 жас аралығындағы 500 оқушыға шақталған нысаның 42%-ы дайын. Ғимарат 3 қабатты, 3 блоктан тұрады. Бұдан бөлек 81 көлікке арналған көлік тұрағы және 35 адамдық асханасы болады. Нысанның құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған. Жұмыстар аяқталса, мекеме өскелең ұрпақтың талабын жонып, қабілетін ұштайтын бірегей мекемеге айналмақ.

Алдыңғы жаңалық

Бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері туған елге оралды

Келесі жаңалық

Кәсіпкерлер дүниежүзілік сапа күнін атап өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі