Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Кәсіпкерлер дүниежүзілік сапа күнін атап өтті

14 ноября, 2022
in Мәдениет
0
Кәсіпкерлер дүниежүзілік сапа күнін атап өтті
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттік кәсіпкерлер дүниежүзілік сапа күнін атап өтті. Тауар сапасы тұтынушыға да тауар өндірушіге де ортақ мәселе. Күнделікті ішіп-жем, азық-түліктен бөлек, дәрі-дәрмек одан қалса тұрмыстық техниканың ұзақ уақытқа жарамды болғаны тұтынушы үшін маңызды. Өңірде талапқа сай келетін өндіріс ошақтары аз емес. Айтулы датада Қазақстан стандарттау және метрология институтының өкілдері тұтынушының сұранысын қанағаттандырып жүрген кәсіп иелерін марапаттады. Сапа — кез келген кәсіпорынның, саланың және мемлекеттің табысқа жетудегі төте жолы. Сапа күнін әлем елдері қараша айының екінші аптасында атап өтеді. Содан бері біздің елде де айтулы күнді ұйымдастыру дәстүрге айналған. Бұл датада тауар өндірушілердің мәртебесі өсіп, алғысқа бөленеді. Дүниежүзілік сапа күні 1990 жылы бекітілді. Мұндағы мақсат өнімдер мен қызметтердің сапасының мәнін арттыру, сондай-ақ түрлі саладағы проблемаларға назар салып, шешу жолын қарастыру. Жергілікті кәсіпкерлер қазіргі таңда кез келген салада сапалы өнім өндіру мен қызмет көрсету түрлері жүйеге қойылғанын айтады. Мемлекет басшысы отандық өнімнің сапасын жақсарту туралы тапсырма берген болатын. Шымкенттік өндіріс орындары бұл жағынан қамшы салдырмайды. Жалпы тауар сапасы тек өндірушіге ғана емес, тұтынушыға да ортақ мәселе. Қазақстан стандарттау және метрология институтының өкілдері соңғы кезде сервистік қызмет көрсету сапасының артып келе жатқанын баса айтты. Әсіресе автотұрақтармен коммуналдық төлем жасауда қызмет көрсету сапасының артқаны байқалады дейді. Атамекен кәсіпкерлік палатасында өткен жиынға Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарындағы Қазақстан стандарттау және метрология институтының филиал өкілдері онлайн қатысып, жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Алдыңғы жаңалық

Әлеуметтік нысандардың құрылысы жоғары қарқынмен жүргізілуде

Келесі жаңалық

Ескірген 178 аялдама жаңартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі