Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Ұлттық Ұлан» 6506 әскери бөлімнің құрылғанына 60 жыл

15 ноября, 2022
in Мәдениет
0
«Ұлттық Ұлан» 6506 әскери бөлімнің құрылғанына 60 жыл
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 6506 әскери бөлімінің құрылғанына 60 жыл толып отыр. Осыған орай Түркістан сарайында салтанатты іс-шара өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы қатысып, әскери қызметкерлерді мерейлі датамен құттықтады. 1961 жылы 7 қазанда Қазақ Кеңестік социалистік Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің жеке дивизиялық бөлімі құрылғаны туралы бұйрыққа қол қойылды. Ал 1962 жылдың 6 қарашасында әскери бөлімге Жауынгерлік ту табыс етілді. Дәл осы күн – Әскери бөлімнің туған күні ретінде аталып өтеді. 6506 әскери бөлімнің 60 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шарада бөлімнің тарихи жауынгерлік жолы, әскери қызметшілердің ерлік істері баяндалды. Салтанатты шарада әскери бөлімнің тарихи жауынгерлік жолы, әскери қызметшілердің ерлік істері баяндалып, облыс көлемінде қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті күзетудегі жауынгерлеріміздің үлесі туралы айтылды. Мерекелік бас қосу 60 жылдық мерекеге орай қонақтардың құттықтауымен, жауынгерлік қызметтегі үздік әскери қызметшілерді және ардагерлерімізді марапаттаумен басталып, думанды концертке жалғасты. Дәл осы бөлімде қызмет атқарып, зейнет демалысына шыққан ардагерлерге, бөлім жауынгерлеріне құрмет көрсетілді. Мереке қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың Алғыс хатын алған қызметкерлердің бірі — Әділхан Омаров. Ол 10 жылдан бері 6506 әскери бөлімінде адал қызмет етіп келеді. Әскери қызметшінің айтуынша, еліміздің әр азаматы Отан алдындағы борышын орындауы парыз. Оған бөлімде бар жағдай жасалған, дейді. Ұлттық Ұланның 6506 әскери бөлімінің жауынгерлері қазіргі дейін өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен, адал, қырағы орындап келеді. Олар Ішкі істер қызметінің өкілдерімен бірге Шымкент көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті күзетеді. Сонымен бірге қалада өтетін мәдени спорттық ауқымды шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ кез-келген төтенше жағдайлар, табиғи апаттар салдарынан болған қауіп-қатер кезінде де қарапайым халықтың амандығы жолында қызмет атқарады.

Алдыңғы жаңалық

Ескірген 178 аялдама жаңартылды

Келесі жаңалық

Жалғызілікті қарияларға қандай көмек бар?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі