Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Жалғызілікті қарияларға қандай көмек бар?

15 ноября, 2022
in Мәдениет, Қоғам
0
Жалғызілікті қарияларға қандай көмек бар?
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы зейнеткерлерге арналған «Белсенді өмір сүру» әлеуметтік-медициналық орталығы жалғызілікті қарияларға күні бойы қызмет көрсетеді. Бұл мақсатта орталық жанынан 8 сағаттық күндізгі стационарлық жағдайда сауықтыру шараларын көрсететін арнайы бөлімше ашылған.

Бүгінде үшінші мегаполисте 84 мыңға жуық зейнеткер бар болса, оның 568-і – жалғызілікті қариялар. Оларға арналған бөлім ашуды қала әкімі Мұрат Әйтенов өткен жылы орталықты аралау барысында тапсырған еді. Қала әкімі бастамасымен ашылған бұл сауықтыру бөлімшесінде дәрігерлік тексеру, фитобар, емдік массаж бен физиотерапия кабинеті мен тұз шахтасы, сурет салу, қыш қолөнер шеберханасы мен еңбек терапиясы секілді 27 сауықтыру қызмет түрі бар. 25 орынға лайықталған бөлімде 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі. Сауықтыру мекемесінде 300-ге жуық зейнеткерге күнделікті 2 ауысымда 4 сағаттық арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Күн тәртібі дәрігерлік тексеруден басталады. Қарияларға қызмет көрсету үшін кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт сынды дәрігерлер жұмылдырылған. Мұнда емдік дене шынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық жаттығулар да қаралған. Қызмет алушылардың кино көріп, сенсорлық бөлме мен кітапханада демалуына мүмкіндіктер бар. Белсенді өмір сүру ұзақтығын қалыптастыру мақсатында дендросаябаққа, театр және спорт кешені мен бассейнге бару кестесі де түзілген. Осы орталық қызметін алуға ниетті зейнеткерлер қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтінім қалдыруы қажет. Әрі қарай кезектік негізде емдеу-сауықтыру іс-шараларымен қамтылады. Айта кету керек, Қазіргі таңда үшінші мегаполисте зейнет жастағы азаматтарды сауықтыруға және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында «Белсенді ұзақ өмір» орталықтары ашылған. Қазіргі таңда қаланың 4 ауданының үшеуінде бөлімшелері ашылған.Олар – Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары. Бірінші бөлімшесі Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Дулати көшесі, 36 мекен-жайында орналасқан. Мекеме ғимаратының жалпы ауданы-2030 шаршы метрді құрайды. Екінші бөлімшесі 2021 жылдың 1 желтоқсанда Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Дулати көшесі, 160 мекен-жайында ашылған. Онда зейнет жасындағы азаматтарға 4 сағатқа дейінгі арнаулы әлеуметтік қызметтер және өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ жалғызбасты қарттарға 8 (сегіз) сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда әлеуметтік-сауықтыру қызмет түрлері көрсетіледі. Үшінші бөлімшесі Қаратау ауданы, 194 квартал, Жібек жолы көшесі, 22/1 учаскесінде орналасқан.Бөлімше жартылай стационарлық жағдайда тәуліктің күндізгі 4 сағат уақытында қарттарға екі ауысым бойынша қызмет көрсетеді. Мекеме ғимаратының жалпы ауданы — 460 шаршы метр құрайды.

Алдыңғы жаңалық

«Ұлттық Ұлан» 6506 әскери бөлімнің құрылғанына 60 жыл

Келесі жаңалық

Қоқысты кәдеге жарату ісі қолға алынбақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі