Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Отбасы құндылығы жастар үшін маңызды

17 ноября, 2022
in Мәдениет, Қоғам
0
Отбасы құндылығы жастар үшін маңызды
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығы» және «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шараның мақсаты – жастарға отбасы құндылығы бойынша және бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Абдувахидұлы Рахымжан, ОҚМПУ аға оқытушысы дін танушы, РАТТ мүшесі Мади Бесбаев, «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Қалдар Тунтекова, Абай атындағы №10 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі Гулжан Бектаева және «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының» студенттері қатысты. Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметтеу сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді. Айта кету керек, қазіргі уақытта теріс діни ағымның арбауына түскен азаматтардың саны күн санап артып барады. Олар шетелге қашып немесе деструктивті ағымның ықпалымен өзіне я болмаса айналасындағы жандарға зиян келтіріп жатады. Осындай оқиғалардың алдын алу үшін елімізде ақпаратттық-түсіндіру тобы жұмыс жасайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, профилактикалық жұмыстардың басым бөлігі жастармен өткізіледі. Мамандар жастар деструктивті ағымдармен көбінесе әлеуметтік желілер арқылы танысады деген пікірде. Ұл-қыздар интернеттен көрген ағымға қызығушылық туғызып, өз білгенінше зерттеп, түрлі сайттардан үйренеді екен. Сол себепті, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері тек дәстүрлі діни орталықтарда білім алуды ұсынады. Осы орайда, жоғарыда аталған шаралардың маңызы зор. Бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте халықаралық стандартпен оқытатын мектеп бар

Келесі жаңалық

Қалалық «Жайдарман» ойындарының финалдық кезеңі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі