
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен дарынды жастар арасында «Жайдарман» ойындарының финалдық кезеңі өтті. Республикалық ойынға қатысушылар саны 100 ден асады. Жайдарман ойындары бұл жолы ерекше форматта өтті. «Жекпе –жек» форматы қазір ойыншылар арасында сұранысқа ие. Жалпы қатысқан командалар арасында үздік атанғаны елордада өтетін жарысқа жолдама алады. Жалпы аталмыш сайыстың маусымашар кезеңіне 33 команда қатысып, бүгін финалдық кезеңге жолдама алған 6 команда яғни, «Ақбұлақ», «NO COMMENTS», «Тамыр», «Бәрекелді кірпі», «Абырой», «Төле би» командалары өнер көрсетті. Үздік жайдармашылар арнайы қонаққа келіп, жоғары бағаларын берді. Жайдарман ойындары дәстүрлі түрде қалалық жастар ресурстық орталығында өтеді. Осыдан 3 ай бұрын өткен ойында орталық тарапы жоғары дәрежеде қолдау көрсеткен болатын. Орталық іші лық толы көрермен. Бұл жолы ықыластары ерекше. Ойын барысында, екі сәлемдесуде 6 команда жекпе-жек ойын көрсетті. Атап айтқанда: «Ақбұлақ» және «NO COMMENTS» командалары, «Тамыр» және «Бәрекелді кірпі» командалары, «Абырой» және «Төлеби» командалары қарсы ойын көрсетті. Жеңімпаз 3 команда финалдық ойында өз өнерін көрсетіп, нәтижесінде «Абырой» командасы жеңімпаз атанды, екінші орын «Бәрекелді кірпі» командасы, үшінші орын «NO COMMENTS» командасына бұйырды. Ал үздік ойыншы номинациясын «Бәрекелді кірпі» командасының ойыншысы Олжас Уалиханов иеленді. Айта кетейік, аталған жобаның мақсаты – жастар арасында белсенділігі жоғары, «Жайдарман» ойындары арқылы жастардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыру, оларды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру болып табылады. Жайдарман ойындарының мән-мағынасын, салмақты әзілдерді қолдану аясын түсіндіру және өскелең ұрпақты мәдениеттілікке баулу.



