Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жәрмеңкеде мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылды

3 апреля, 2024
in Қоғам
0
Жәрмеңкеде мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жәрмеңкеде 20-дан астам жұмыс беруші жеңіл өнеркәсіп, өндіріс, қызмет көрсету және коммуналды шаруашылық салалары бойынша 1000-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынды.

Шымкент қаласында пробация қызметі есебінде тұрған, мемлекетке берешегі бар және бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Іс-шараны Шымкент қаласының Еңбек мобильдігі орталығы мен қалалық Прокуратура бірлесе ұйымдастырып отыр. Жәрмеңкеде 20-дан астам жұмыс беруші жеңіл өнеркәсіп, өндіріс, қызмет көрсету және коммуналды шаруашылық салалары бойынша 1000-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге қатысушыларды ең алдымен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жолдасбеков қабылдап, жұмысқа орналасуға қатысты мәселелерін тыңдады. Келушілердің көбі жоғары айлық жалақысы бар жұмысқа орналасуға ниетті екенін, сонда ғана мемлекетте қарыз берешігін төлей алатынын айтты. М.Жолдасбеков халықты жұмыспен қамту бойынша түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып жатқанын, жұмыс істеуге ынталы азаматтарға мемлекет әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Бүгінгі жәрмеңкеде Б. есімді азамат «Альянс Траст» ЖШС-іне қарапайым жұмысшы ретінде жолдама алды. Оның айтуынша, жұмысшы болуына қарамай ай сайынғы төленетін жоғары айлық жалақы көңіліне қонғанын айтады. – Бұған дейін түрлі құрылыс компанияларында жұмысшы болып істеп келдім. Бүгінгі жәрмеңке арқылы айлық еңбекақысы жоғары болған жұмыс тапқаныма өте қуаныштымын. Ең бастысы отбасымды асырауға және мемлекетке төлейтін қарызты өтеуге жетеді екен, — дейді ол. Айта кетсек, жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған жұмыс орындарының айлық жалақысы 95-300 мың теңге аралығында болды.

Алдыңғы жаңалық

Сарыағашта «Жайлы мектептің» құрылысы қарқынды

Келесі жаңалық

«Астанада 9 қойма жұмыс істейді»: өңірлерде мыңдаған волонтер су тасқынына қарсы күресіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі