ERNUR.KZ. Өңірлерде су тасқынына қарсы күрес жүргізіліп жатыр. Оған Ұлттық волонтерлық желісінің еріктілері де белсенді қатысып жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz. Ұлттық волонтерлық желісі үйлестірушісі Айдана Мақышева еріктілердің тиімді платформасы жайлып айтып берді. «Ұлттық волонтерлық желі (QazVolunteer.kz ) 2012 жылдан бастап ресми түрде жұмыс істеп келеді. Желі азаматтар мен азаматтық қоғам, бизнес секторлары мен мемлекеттік құрылымдар арасында барынша волонтерлық бастамаларды қалыптастырып, волонтерлық мәдениетті қалыптастырып, қолдау мақсатында құрылған. Ұлттық волонтерлық желі Астана қаласында орналасқан. Аймақтарда филиалдары жоқ. Алайда өңірлерде біздің әріптестеріміз бар. Олармен бірлескен іс-шаралар жүргізіліп, оқытулар жүзеге асырылады. Сондай-ақ Ұлттық волонтерлық желісіне кіретін түрлі сарапшылар бар», — дейді Мақышева. Оның айтуынша, Ұлттық волонтерлық желі қазіргі таңда ауқымды, мемлекеттік жобаларды жүзеге асырып жүр. «Аймақтар бойынша волонтерлыққа қатысты түрлі оқытулар өткіземіз. ЖОО-да, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес секторларында да осы волонтерлыққа қатысты түрлі тренингтер өткізіледі. 2021 жылдан бастап 2023 жылға дейін Ұлттық волонтерлық желісі Республикалық волонтерлер фронт-офисі «Вirgemiz: áreket ýaqyty» жобасын жүзеге асырды. Бұл жоба аясында өңірлерде аймақтық фрон-офистер ашылған болатын. Ол кеңселердің негізгі қызметі аймақтардағы волонтерлық ұйымдарға жәрдемдесу, олардың қызмет етуіне көмек көрсету. Өз аймақтарында волонтерлықтың дамуына байланысты қандай да бір мәселелер болса, оны республикалық фронт-офиске айта алады», — дейді ол. Айдана Мақышева айтқандай, 2016 жылы волонтерлыққа қатысты заң қабылданып, 2022 жылы өзгертулер енгізілген. «Сол өзгертулер аймақтық фронт-офистердің берген мәліметі бойынша және ұлттық волонтерлық желісінің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде енгізілген болатын. «Біргеміз: әрекет уақыты» жобасынан бөлек Юнисеф-пен бірлескен жобалар бар. Онда мектеп оқушыларына арналған БҰҰ балалар қорымен бірлесіп бірқатар жоба енгізілді. Мысалы, төтенше жағдай кезінде балалар өздерін қалай ұстауы керек бойынша нұсқаулықтар берілді. «Қауіпсіз интернет» жобасы бойынша оқушыларға интернеттегі мәдениет түсінідірілді. Волонтерлер бұл тақырыптар бойынша арнайы оқытулардан өтіп, кейін мектеп оқушыларына сабақ бере алады», — деді ол. Сондай-ақ ол «Жеңіс» деген ауқымды жоба бар екенін айтты. Ол дәстүрлі түрде жыл сайын жүзеге асырылап келеді. «Ол ҰОС және тыл ардагерлеріне волонтерлердың көмегімен рейд жасалады. Жыл сайын ең үздік волонтерлық жобаларды жинақтап, баяндамалар жарияланады. Сондай-ақ арнайы платформалар арқылы ақпарат таратуға тырысамыз. Негізгі біздің қоғамда волонтерлыққа жатпайтын белсенді істер бар. Солардың бірі – қайырымдылық. Яғни, емге, баспанаға қаражат жинау. Онымен айналысатын қайырымдылық қорлар бар. Олар жеке заң аясында қызмет етеді. Волонтерлық ұйым мен қайырымдылық қорларының мақсаты ұқсас. Ол – адамдарға көмектесу.Сондықтан бірге жүретін бағыт деп айтуға болады. Ұлттық волонтерлық желісі Семейде болған орман өрті кезінде қаражат жинауды жариялаған болатын. Сол өрт салдыранын зардап шеккендердің отбасына көмек көрсеткен болатын», — дейді Айдана Мақышева. Оның айтуынша, волонтер болуға ниет білдіргендердің барлығы фрон-офистен ақпарат ала алады. «Егер сіз волонтер болғыңыз келсе немесе волонтерлық жобаны жүзеге асырғыңыз келсе, біздің әлеуметтік желілердегі (Kz_nvs-instagram) парақшасы мен +7 708 706 4242 байланыс нөмеріне хабарласа аласыздар. Біздің кеңсе Астанада орналасқанымен, барлық аймақ бойынша волонтерлық ұйымдар мен жобалар бойынша ақпарат бере аламыз. Сондай-ақ әлеуметтік желіде қай өңірде қандай жоба бар екенін жариялап тұрамыз», — деді Айдана Мақышева. Оның айтуынша, қазір су тасқынына байланысты біздің волонтерлер тарапынан да 20 өңірде көптеген жұмыс жүргізіліп жатыр. «Волонтерлық штабтар құрылды. 14 аймақта су тасқыны салдары бойынша гуманитарлық көмек беру пункттері ашылды. Онда қажетті заттар тізімі бойынша киім-кешек, төсек орындар, резеңке етік, көрпелер сынды керекті заттар жиналып жатыр. Волонтерлер көмек көрсету штабатарында төтенше жағдай қызметкерлерін тамақтандыру мен зардап шеккен азаматтарға азық-түлік беру, келген киім-кешекті сұрыптау бойынша көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ басқа аймақта зардап шекккен өңірлерге тонналап көмек көрсетіліп жатыр. Мысалы, қазір елордада 9 қойма жұмыс істейді. Жинақтауға 30 волонтерлық ұйым мен 200 волонтер жұмылдырылған. 70-тен астам волонтердің қатысуымен су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында 500-ден астам адамға көмек көрсетілді. БҚО-да мыңнан астам волонтер, Арқалықта 1500-ге жуық волонтер, Абай облысында 500-ден астам волонтер, Түркістанда мыңға жуық волонтер су тасқынына күрес шараларына қатысып жатыр», — деп түйіндеді Айдана Мақышева.