Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ХҚКО-ҒА КЕЗЕКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТАЛОНДАРЫН АЛУДЫ ЖӨН КӨРЕДІ

21 июня, 2024
in Uncategorized
0
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ХҚКО-ҒА КЕЗЕКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТАЛОНДАРЫН АЛУДЫ ЖӨН КӨРЕДІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Кезектің электрондық талондарын алу сервисі 2022 жылдың сәуір айында енгізілді, өткен жылы 60 мыңнан астам талон алынған. Соңғы 5 айда бұл көрсеткіш айтарлықтай өсті: 2023 жылдың желтоқсанында пайдаланушылар 3 мыңға жуық талон алса, ал сәуірде – 12 жарым мыңнан астам талон алынған.
Айта кетейік, кезектің электрондық талонын «ХҚКО» қосымшасы арқылы ресепшн бағанындағы QR-кодты сканерлеу арқылы алуға болады. Ол үшін қосымша арқылы халыққа қызмет көрсету орталығына алдын ала онлайн брондау рәсімделуі қажет. Сондай-ақ, қызмет екінші деңгейлі банктің қосымшаларының бірінде қолжетімді.
«Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда көптеген қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн режимінде алуға болады. Егер тек ХҚКО-да көрсетілетін қызмет болса, онда кезекті алдын ала брондап, жазылған уақытта келуге болады. Бұл жағдайда ресепшендегі маманға жүгінудің қажеті жоқ. Азамат кезектің электрондық талонын өз бетінше ала алады. Осылайша, сіз көрсетілетін қызметті алушылардың уақытын ғана емес, сонымен қатар талондарды шығаруға кететін қағазды да үнемдей аласыз», — деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Электрондық талондарды жиі қолданатын үш ХҚКО Алматы қаласының Медеу ауданында, Түркістан облысының Сайрам ауданында және Қарағанды қаласының Чкалов көшесінде орналасқан.
2024 жылы «Азаматтарға арналған үкімет » » ХҚКО » мобильдік қосымшасын қолдану тәжірибесін талдап, оны клиенттерге ыңғайлы болу үшін қайта өзгертуге ниетті. Қазіргі уақытта қосымшаның негізгі функциялары – кезекті электронды брондау және ХҚКО операторының бейнеқоңырауы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: «TURAN» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫН ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙГЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЕНГІЗІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі