Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙГЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЕНГІЗІЛДІ

21 июня, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙГЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЕНГІЗІЛДІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы №28 мектеп-лицейіне жасанды интеллект енгізілді. «Алақан мектеп» жобасы деп аталатын турникет облыс бойынша алғаш рет жүзеге асырылды, деп хабарлайды 24KZ. Білім күніне орай осы меткепте облыстық Полиция департаментінің бастысы генерал-майор Мұрат Қабденовтың қатысуымен қауіпсіздікке қатысты жиын өтті.  

Білім ұясына келген облыстық Полиция департаментінің бастығы алдымен «Алақан мектеп» жобасымен танысты. Жаңа жобаның ерекшелігі, оқушының алақаны бағдарламаға енгізіледі. Бала мектепке келіп, турникетке қолын қойғанда есік өзі ашылады. Сол кезде ата-анасына «балаңыз мектепке кірді» деген хабарлама келеді. Бала мектептен шыққан кезде де солай. Тағы бір артықшылығы, сабаққа қанша баланың келгендігі туралы ақпарат автоматты түрде мектеп асханасына түседі. Аспазшылар соған қарап, ас әзірлейді. Мектеп басшылығы бұрынғыдай ысырапқа жол берілмейтінін айтты. Одан кейін департамент басшысы SOS батырмасын тексеріп көрді.

Одан кейін шараға қатысушылар мектептің спортзалында оқушылармен кездесті. Мұрат Талапұлы балалар мен ата-аналарға оқушылар мектептен қайтқанда, жолдан өткенде қауіпсіздікті сақтаудың ережелерін түсіндірді.

Мұрат Қабденов, облыстық ПД бастығы:

— Оқушыларға жолдағы жол жүру ережелерін сақтау, мектептен үйге қайтқан кезде бейтаныс адамдардан сыйлықтар алмау, түнгі уақытта себепсіз жүрмеу туралы түсіндірілді. Қоғамның тағы бір дерті – есірткі заттарына тәуелдік. Интернет желілерінде жастардың қызығушылығын арттыратын материалдар кездесіп жатады. Оларға назар аудармай, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын.

Одан кейін тәртіп сақшылары балаларға жол ережесін түсіндіретін арнайы жасалған суреттерді сыйлыққа берді. Балалар суреттерді бояп, түсінігін айтып берді.

Айханым Айдынқызы, 2-сынып оқушысы:

— Мен мұнда полицияның киімін көкке боядым. Өйткені полицияның киімі көк түсті болады. Мұнда бала полициядан көмек сұрап жатыр. Полиция: «Не болды?», – деп келе жатыр. Полициялар балаларға көмектеседі, олар бізді қорғайды.

Одан кейін қонақтар осы мектепте халық қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы кинозалының ашылу салтанатына қатысты. Ержүрек полицейдің ерлігі мен өнегелі ғұмыры жайлы деректі фильмді тамашалады.

Ләззат Нысанқұлова, №28 мектеп-лицейінің директоры:

— Ғазиз Байтасов атындағы полициялық сынып деп арнадық. Аптаның бір күнін Kino time деп атадық. Түстен кейінгі сабаққа келген оқушылар түске дейін бір киноны көре алады. Ол қандай кинолар, мысалға? Тәрбиелік мәні бар, отансүйгіштікке тәрбиелейтін, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелейтін қысқаметражды кино көрсету арқылы әрбір сыныпты біз осы полиция сыныбына әкеліп, міндетті түрде таныстырып, жұмыстар жүргіземіз.

Білім күніне арналған жиын соңында балалар мектеп ауласына арнайы әкеліп қойылған полицияның қызметтік автокөліктеріне мініп, қызықтап көрді. Айта кейтік, жаңа оқу жылы Түркістан облысында 50 мың бала 1-сыныпқа қабылданды. 14 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Авторлары: Жандос Жұмабек, Қуаныш Әбуов.

Алдыңғы жаңалық

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ХҚКО-ҒА КЕЗЕКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТАЛОНДАРЫН АЛУДЫ ЖӨН КӨРЕДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ : ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі