Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ : ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

21 июня, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ : ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Жасанды интеллект» терминін ғылымға алғаш енгізген Джон Маккарти атты ғалым болатын. Бұл терминді естіген сәтте көз алдымызға компьютер, техника немесе шытырман фильмдердегі роботтардың елестейтіндігі түсінікті. Бірақ, «жасанды интеллект» жоғарыда айтылған мысалдармен ғана шектелмейді. Өңір тұрғындарына жасанды интеллект тақырыбында және елімізде айрықша саланың дамуы туралы толығырақ ақпарат ұсынып отырмыз.

Негізінде қазіргі ғылымның дамыған уақытында «жасанды интеллект» түпкілікті іске асты деп айту қиын. Себебі, қазіргі кездегі «жасанды интеллект» дегеніміз — тек өзінің саласына машықтанған арнайы бағдарлама. Мысалға айтқанда, фотодағы адамның түр-келбетін тани алатын бағдарламама өз ісінің шебері болғанымен, ол өлең жазу немесе әңгіме құрастыру секілді жұмыстарды жасай алмайды.

Ғылымның осылайша қарқындап дамуы, болашақта миллиондаған адамдарды атқарып жүрген қызметтерінен айыруы әбден мүмкін. Бұндай мамандықтарға бухгалтерия, менеджер және осыған ұқсас мамандықтар жатады. Себебі, бағдарлама адамға қарағанда қателесуі екіталай және де бұл бизнес жағынан, ақша үнемдеу жөнінен тиімді болып келеді.

Тағы бір жоғалуы әбден мүмкін мамандықтардың бірі — таксист және басқа да қоғамдық көліктерді жүргізушілер. Кем дегенде алдағы 10-15 жылдан кейін барлық көліктер өзін-өзі басқару секілді арнайы «жасанды интеллекттермен» қамтамасыз етілетіндігі түсінікті. Қазіргі кезде адамның көмегінсіз-ақ жүріп, өзін-өзі басқаратын көліктердің қарқынды дамуы осы сөзімнің дәлелі.

Егер жоғарыдағы айтылған мамандықтардың болашақта керексіз болатындығына күмәнмен қарасаңыз, мысал ретінде «оятқыш-адам» аталған, қазіргі қоғамда түпкілікті жоғалған мамандықты айтуға болады. Бұл мамандық иелері 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Англияның өнеркәсіптері дамыған қалаларында жиі кездескен. Олар таң ертесімен тұрып, өзіне тапсырыс бергендердің терезесін ұзын ағашпен бірнеше рет қағып, клиентінің оянғанын күткен және осы жұмыс арқылы тиын-тебендерін тапқан екен.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙГЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЕНГІЗІЛДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚОСЫМШАСЫН ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі