Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОҚУШЫ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙТІН РОБОТ ОЙЛАП ТАПТЫ

21 июня, 2024
in Uncategorized
0
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОҚУШЫ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙТІН РОБОТ ОЙЛАП ТАПТЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сарығаш ауданында 10-сынып оқушысы JARIQ жасанды интеллект мобильді қосымшасын жасап, табысқа қол жеткізе бастады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Мектеп оқушысы Жансерік Камал жасаған бағдарлама дыбыстық хабарламаны 100-ден аса тілде жазбаша мәтінге айналдыра алады. Сонымен қатар сауалдарға жауап береді. Жасөспірім тың жобасымен республикалық байқауда топ жарды. Жас ғалым ойлап тапқан мобильдік қосымшаны бүгінде Google Play Market-тен жүктеп, 150-ге тарта адам қолдануда.

— Бұл қосымшаның негізгі мақсаты — адамдардың уақытын үнемдеу. Менің бақылауым бойынша мұны көп оқушы пайдаланады. Күнделікті өмірде қосымша ақпараттар, кітаптар іздеу барысында пайдаланатынын бақылап отырамын. Менде толық статистикасы бар. Егер оқуға ерінсеңіз, қысқаша мәлімет те ұсынады, — дейді Сарыағаш ауданы № 4 мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Жансерік Камал.

Мобильді қосымша оқушының алғашқы жобасы емес. Жансерік демалыс орындарына келген қонақтарға сусын жеткізуші «Қолқанат» роботының макетін жасап шығарған. Ақылды робот аппараттық және бағдарламалық жасақтамадан тұратын арнайы платформа арқылы жасалған. Ол дыбыс жазатын сайт арқылы қазақ тілінде сөйлей алады.

— Бұл роботтың ерекшелігі — қонақ үй, мейрамханаларда келген адамдарға сусын ұсынып, олармен сөйлесіп, көңіл-күйін көтеруге қосымша бір элемент ретінде қарастырылады. Сонымен қатар шетелдік туристерге Қазақстан туралы жағымды эмоция қалдырады деп санаймын, — деді жас ғалым.

Дарынды жасөспірім өткен жылы «Сарыағаш туризм» қосымшасын іске қосты. Курорттық аймақ туралы толыққанды ақпарат ұсынатын қосымшаны бүгінде 300-ден аса адам қолданады. Республикалық конкурста жүлделі орын иеленген жобаға қызығушылық танытқандар да жоқ емес.

15 жастағы сарыағаштық жас ғалым қазір өзі сынды оқушыларға интелектуалды ойын жасауды қолға алған. Жансеріктің алдағы мақсаты — ғылым мен техниканың тылсым тұстарын барынша терең меңгеру. Оқушының бұл бағытта алға қойған мақсаттары да толағай.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚОСЫМШАСЫН ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ СІЗ БЕН БІЗГЕ БЕРЕР МҮМКІНДІКТЕРІ ҚАНДАЙ?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі