Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ СІЗ БЕН БІЗГЕ БЕРЕР МҮМКІНДІКТЕРІ ҚАНДАЙ?

21 июня, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ СІЗ БЕН БІЗГЕ БЕРЕР МҮМКІНДІКТЕРІ ҚАНДАЙ?
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл мақалада Түркістан облысы тұрғындарының назарына жасанды интеллект жобасы жайлы қызықты ақпарлармен бөлісетін боламыз. Бүгінде барлығымыз күнделікті өмірде қолданатын Apple өнімдеріндегі Siri дауыс қызметі де, әр сұрағымызға жауап іздейтін Google браузері де, музыка тыңдайтын құлаққаптар да, әлеуметтік желілерде бізге ұнайтын контентті де дәл тауып ұсынатын бағдарлама да, мессенджерде біз жазғымыз келетін сөзді алдын-ала болжай алатын пернетақта қызметі де, жол көрсететін GPS те бәрі, бәрі жасанды интеллект.

Адамзат жаңа жасанды интеллект дәуірі қарсаңында тұр. «Жасанды интеллект» сөзін алғаш рет Джон Маккарти есімді америкалық ғалым қолданды. Ол басында математикалық теоремаларды автоматты түрде дәлелдеуге арналған компьютерлік бағдарлама еді. Кейін жүйе алгоритмдік жұмыспен ғана шектелмей, білім жинау, талдау жасау, мәселе шешу, жоспарлау, болжау сияқты функцияларды үйренді. Яғни, тура адам сияқты «жасанды интеллектіге» ойлау қабілеті енгізілді. Ол үшін адам миындағы нейрондық желілердің сандық форматтағы көшірмесі жасалды.

Жасанды интеллект пайда болғалы адамдардың өмірі айтарлықтай жеңілдеді. Десе де, мамандар оның адамзатқа қауіпті тұстары да бар екенін айтады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің болжамы бойынша Қазақстанда 2030 жылға қарай 5 саладағы қызметкерлерді «жасанды интеллект» ауыстырады. Жалпы жасанды интеллект деген не? Оның адамзатқа төндіретін қаупі бар ма? Елімізде жасанды интеллект саласы қалай дамып жатыр? Бұл туралы толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының мақаласынан оқи аласыздар.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллект, блокчейн, заттар интернеті (IoT) және Үлкен деректер (Big Data) сияқты жаңа тұжырымдамалар технологияларды кеңінен енгізу ауыл шаруашылығысаласынан қаржы саласына дейінгі барлық салаларда ойын ережелерін өзгертуге әкелетінін атап өтті. Адамзат баласының өзінің өмірінде жасанды интеллектке қандай орын беретіні туралы мәселе күн тәртібінде өткір тұр және оның айналасында пікірталастар да аз емес. Қалай болғанда да, Индустрия 4.0 біздің өмірімізге сенімді түрде еніп жатыр. Білім беру, медицина немесе менеджмент болсын, барлық жерде жаңа технологиялар пайда болуда және енді бұл процесті тоқтату мүмкін емес.

Алдыңғы жаңалық

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОҚУШЫ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙТІН РОБОТ ОЙЛАП ТАПТЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП ЖАТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі