Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП ЖАТЫР

21 июня, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП ЖАТЫР
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жасанды интеллект пайда болғалы адамдардың өмірі айтарлықтай жеңілдеді. Десе де, мамандар оның адамзатқа қауіпті тұстары да бар екенін айтады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің болжамы бойынша Қазақстанда 2030 жылға қарай 5 саладағы қызметкерлерді «жасанды интеллект» ауыстырады. Жалпы жасанды интеллект деген не? Оның адамзатқа төндіретін қаупі бар ма? Елімізде жасанды интеллект саласы қалай дамып жатыр? Бұл туралы толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының мақаласынан оқи аласыздар.

Жасанды интеллект деген не?

Адамзат жаңа жасанды интеллект дәуірі қарсаңында тұр. «Жасанды интеллект» сөзін алғаш рет Джон Маккарти есімді америкалық ғалым қолданды. Ол басында математикалық теоремаларды автоматты түрде дәлелдеуге арналған компьютерлік бағдарлама еді. Кейін жүйе алгоритмдік жұмыспен ғана шектелмей, білім жинау, талдау жасау, мәселе шешу, жоспарлау, болжау сияқты функцияларды үйренді. Яғни, тура адам сияқты «жасанды интеллектіге» ойлау қабілеті енгізілді. Ол үшін адам миындағы нейрондық желілердің сандық форматтағы көшірмесі жасалды.

Бүгінде күнделікті қолданатын Apple өнімдеріндегі Siri дауыс қызметі де, әр сұрағымызға жауап іздейтін Google браузері де, музыка тыңдайтын құлаққаптар да, әлеуметтік желілерде бізге ұнайтын контентті де дәл тауып ұсынатын бағдарлама да, мессенджерде біз жазғымыз келетін сөзді алдын-ала болжай алатын пернетақта қызметі де, жол көрсететін GPS те – бәрі, бәрі жасанды интеллект.

«Жасанды интеллект» ғылыми зерттеу институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек Шәріпбаев жалпы жасанды интеллект дегеннің не екенін білу үшін «интеллект» деген ұғымға анықтама беру қажеттігін айтады.

«Интеллект дегеніміз – субъектінің қоршаған әлемді қабылдау мен түсіну, өңдеу, өздігінен оқу және шығару ережелерін даярлау мен шешім қабылдау қабілетіне ие болуы. Егер субъект адам болса, онда табиғи интеллект туралы сөз болады. Ал егер субъект жасанды құрылғы болса, онда жасанды интеллект жөнінде сөз қозғаймыз » деді А.Шәріпбаев.

 

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ СІЗ БЕН БІЗГЕ БЕРЕР МҮМКІНДІКТЕРІ ҚАНДАЙ?

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ПРЕЗИДЕНТ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТТІ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі