Киберқауіпсіздік мәдениетін дамыту мақсатында халықтың киберқауіпсіздік қатерлері туралы хабардарлығын арттыру бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілуде, социологиялық зерттеу нәтижелері бойынша халықтың хабардар болу деңгейі 75% (2024 жылға – 78%). 2022-2023 жылдарға «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығы бойынша білім беру гранттарының саны 2632-ге дейін ұлғайтылды. 2020-2021 жылдар аралығында ақпараттық қауіпсіздік саласында 542 маман оқуын аяқтады, төрт маман шетелдік жетекші ЖОО-да тағылымдамадан өтті. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында. Ақпараттық қауіпсіздік саласында қайта даярлықтан өткен мамандардың саны ұлғайтылды. Осы орайда өңірде орын алып жатқан киберқауіпсіздік орталықтарының атқарып жатқан жұмыстары жаййлы аз-кем мәлімет беруді жөн көрдік.
Естеріңізге сала кетейік 2017 жылғы маусымда интернет алаятықтың өршуіне орай, жалпы интернет алаяқтықпен күрес жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі IT және телекоммуникациялар, электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттарын айқындайтын «Қазақстанның киберқалқаны» киберқауіпсіздік тұжырымдамасын бекіткен болатын. Ал 2022 жылы «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасының жаңа редакциясы қабылданды. Киберщит (киберқалқан) – ақпарат қауіпсіздігі немесе қиберқауіпсіздік деп аталады, яғни электронды ақпараттық ресурстардың, әртүрлі ақпарат жүйесінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы немесе ішкі қкиберқауіптерден қорғайтын қауіпсіздік. Сол себепті киберщиттің мақсаты – кез келген электронды ақпараттың қауіпсіздікдігін сақтау. Киберқылмыстың өсуі қазіргі заманның өзекті мәселесі болып отыр. Ол тіпті қауіпсіздікке қауіп төндірумен қатар, мемлекет мүддесіне тікелей немесе жанама түрде зиян келтіруі мүмкін. Осындай және өзге де қауіпті құбылыстардың алдын алу үшін республика киберқылмыспен күрес жөніндегі бағдарламаның тұжырымдамасын қабылдаған болатын.
Жалпы соңғы деректерге көз жүгіртер болсақ ел көлемінде өткен жылы интернет алаяқтардан 850 млн теңге қайтарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев айтты.
Биыл 3 645 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Бұл – жалпы қылмыстың 18%-ы және барлық алаяқтық дерегінің 43%-ына тең. Өңірлерде «Киберпол» мамандандырылған топтары жұмыс істейді. 2023 жылы олар 3,7 мыңнан аса қылмысты ашты. Қазақстандықтарға 850 млн теңге қайтарылды, — деді Айдос Рысбаев Мәжілісте.