«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ «Киберқалқан» кешенінің қорғаныс құралдары кибершабуылдарға тойтарыс беру үшін жұмыс істеуде. Осы бір келеңсіздіктер мен кедергілерді азайту әрі алдын алу жолдарын қарастыру мағынасында 2017 жылы маусымда ҚР Үкіметі «Қазақстан киберқалқаны» киберқауіпсіздік тұжырымдамасын бекіткен болатын, онда IT және телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың, электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың, цифрлық сауаттылықты арттырудың негізгі бағыттары айқындалды. Аталған тұжырымдаманың негізгі мақсаты – халық пен бизнестің цифрлық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұған дейін Қазақстанда «ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» туралы республика үкіметінің заңы 1998 жылы 31 желтоқсанында қабылданған болатын. Одан бері бұл заң үш рет редакцияланды. Ол жерде ақпараттық-коммуникациялық желілер, «электрондық үкімет» тақырыбы бойынша тиісті өзгертулер енгізілді.
Қауіптерді азайту үшін нақты уақытта барлық желілік трафикті талдау және әрбір пакетті тексеру жұмыстары жүргізіледі. Киберқалқан зиянды трафик пен зиянды бағдарламаларды сүзу арқылы ішкі және сыртқы периметрлік шабуылдарға тойтарыс береді. Бір айдың ішінде 20 миллионға жуық кибершабуыл тойтарыс берді. Сарапшы мамандар кибершабуылдар Қазақстандағы сайлау кезеңінің басталуымен байланысты деп болжайды. Мұндай шабуылдардың негізгі мақсаты Қазнет инфрақұрылымының жаһандық жұмысын бұзу болуы мүмкін.
Елдегі киберқауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең – 2017-2018 жылдар, екінші кезең-2019-2022 жылдар аралығы. Бірінші кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде белгіленген талаптар мен шараларды сақтаудың белгілі бір тәжірибесі қалыптасты. Осы тәжірибе барысында заңнамаға өзгерістер енгізілді. Осы нақты мәселе бойынша мамандар саны артты. Кибершабуылға арналған орталықтар ашылды. Кибершабуылға ұшыраған жағдайлардың тізбегіне көз жүгіртсек, 2017-2018 жылдар аралығындағы бірінші кезеңде Қазақстан кибершабуылы бойынша әлем бойынша 40-орында тұр. Халықтың киберқауіпсіздік қатерлері туралы хабар алып отыруы 63%-ды құрайды, ал ақпараттық қауіпсіздік саласын қызметкерлермен қамтамасыз ету 46% болды.