Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МАҢЫЗДЫ МАҚСАТ — ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

15 мая, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МАҢЫЗДЫ МАҚСАТ — ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жер қойнауына Менделеев кесте­сін­де келтірілген қазба байлығының бәрін дер­лік жинаған ұлы даланың төл иесі Қазақ­стан үшін индустриялық державаға айна­луды тағдырдың өзі жазған сияқты.  Еліміз баламасыз бастамаларымен жаһандық дағдарыстан өзгелермен салыстырғанда оқ бойы озық шыққан Қазақстан ел экономикасын жаңа асуларға шығару мақсатында батыл бастама  – 2020 жылға дейінгі үдемелі ин­дустриялық-инновациялық даму бағ­дар­ламасын қабылдады. Мемлекет басшысының тап­сыр­масына сәйкес ел Үкіметі осы үде­мелі индустрия­лық-инновациялық даму­дың (ҮИИД) мемлекеттік бағдарламасын іс жүзіне асыру мақсатындағы шаралар шеңберінде Қазақстанның индустрия­ландыру карта­сын бекітті. Бұл картада алдағы уақытта іске қосылатын индус­триялық жобалар­дың нақты кестесі белгіленген. Бұл жобаларды іс жүзіне асыру шараларына еліміздің кәсіпкер­лерін кеңінен қамту мақсатында “Биз­нестің жол картасы-2020” бағдарла­масы қабылданды. Тек осы бағдарла­маны жүзеге асыру үшін ғана үстіміздегі жылы 30 миллиард теңге қаржы бөлінбек. “Индустрияландыру картасы” екі бө­лімнен тұрады. Біріншісі, өңірлік кар­талар. Онда облыстарды дамытуға бірінші кезекте қажетті нысандар шоғыр­­ланды­рылған. Екінші республи­калық карта. Мұнда орталық атқарушы ор­гандар мен мемлекеттік хол­дингтер тікелей бақылауға алған индустриялық-инновациялық даму жоспарының негізгі нысандары топтасты­рылған. “Индустрия­ландыру картасына” енгізу үшін алдын-ала 385 жоба ұсыныл­ған болатын. Жан-жақты талқылаулар бары­сында 236 жоба іріктелініп, “Индус­трияландыру картасына” кіргізілді. Атап айтқанда, жалпы құны 6,8 триллион теңге болатын 101 ірі жоба республикалық картаға, жалпы құны 580 миллиард теңге болатын 139 жоба өңірлік карталар­ға топтастырылды.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Келесі жаңалық

ЖАЛПЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛШЕГІ САНАЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі