Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ЖАҺАНДЫ ЖАУЛАҒАН ЖАҢАЛЫҚ

29 октября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ЖАҺАНДЫ ЖАУЛАҒАН ЖАҢАЛЫҚ

Technology in the hands of businessmen

0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жасанды интеллектінің жаһанды жаулағаны әмбеге аян. Тіпті «Кім жасанды интеллектіні игерсе, сол әлемді билейді» деген тәмсіл де бар. Сәт сайын алдыңнан шығатын цифрлық саладағы жаңалықтарды естігенде, сеніп те қаласың. Ең алғаш бұл термин Америкадағы Массачусетс технологиялық институтында қолданылған. Солай 1960 жылдан бері ақырын-ақырын ғылымға қадам басып, қазір өмірімізге дендеп енді. Қалың қарашаны бір үркітіп, терең ойға мың сүңгітіп жүрген жасанды интеллект туралы қазақ тіліндегі көпшілікке арналған тұңғыш қолданба QazGPT-дің авторы Олжас Сүлейменмен әңгімелескен едік.

– Әуелгі сөзімізді QazGPT-дан бастайық. Жұмыс істеу үдерісіне аз-кем тоқталсаңыз.

– Сөз бастамас бұрын, өзімнің кәсіби білімімді айта кетейін. Мен «Компьютер ғылымы және Жасанды интеллект бағыты бойынша» Қазақстан-Британ техникалық университетінде PhD тәлімгері, «Texas A&M» университетінің магистрімін. Осы бағыттың бақшасында жүрген соң, көкейімізге небір ойлар келіп, елге егіліп қызмет еткіміз келеді. Сіз сұрап отырған қолданба – соның бірі. Істің барлығы халқымызға цифрлық даму мен жасанды интеллектіні қалай ыңғайлай аламын деген сұрақтан бастау алды. Естеріңізде болса, 2022 жылдың аяғында шыққан әйгілі ChatGPT үлкен сұранысқа ие болып, қаншама адамды таңғалдырды. Дегенмен бір өкініштісі – ChatGPT-де қазақ тілінің сапасы өте нашар болды. Жалпылама алып қарасақ, бұл  қолданба елімізде таратып жүрген адамдар оны көбіне орыс тілінде қолданып, қазақ тіліне аударады. Бұл жайт тіліміздің маңызын түсіріп, қауіп төндіреді. Қазақ тілінің жасанды сана саласына келуін көп күттірмес үшін, біздің топ көпшілік қолдана алатын, жоғарғы сапалы қазақша моделді құруды қолға алды. Басында осы бағыт бойынша біршама курс түсіріп, елге жаямыз деп ойладық. IT-аналитикадан да біраз курс түсірдік. Арасында КБТУ-да, яғни Қазақстан-Британ техникалық университетінде сабақ та бердім. Бірақ оның бәрі жеткіліксіз көрінді. Себебі – таралымы аз.

Ал мынандай QazGPT сияқты құрал жасасақ, адамдар еш қиындықсыз кіріп, қолданып, қыр-сырын үйрене алады. Қолданба кез келген сұраққа қазақ тілінде жауап береді. Оны жеке өмір мен кәсіпте ұтымды пайдалануға болады. Бүгінде біздің сайтқа 5 500 адам тіркелген, 200 адам күнделікті қолданады. Сайтқа брау­зер арқылы телефоннан да, компьютерден де кіре аласыздар. Қазіргі кезде үш қабілеті бар. Біріншісі – мәтін жазып беру, екіншісі – сурет шығарып беру, үшіншісі – ағылшын тіліндегі бейнежазбаның мазмұнын баяндау. Қиялыңыздағы кез келген дүниені жасауға болады. Ешқандай шек жоқ. Мысалы, сізді бір сұрақ мазаласа, оны платформаға жазасыз, ол толыққанды жауап береді. Тек жауап қана емес, жұмысыңызды жүйелеп, сізге небір қызықты идеялар ұсынып, тіпті өлең де жазады.  Сосын өзіңіздің қиялыңыздағы суретті салдырта аласыз. Ал ағылшын тіліндегі бейнежазбаның мазмұны – сіздің білім алуыңызға, дамуыңызға өте пайдалы.

Әңгімелескен – Елігімай ТӨҢКЕР.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ChatGPT – ҒАСЫР ЖАҢАЛЫҒЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ІТ МАМАНДАР ДАЯРЛАУДЫҢ ДАҒДЫЛАРЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі