Түркістан облысының тұрғындарының назарына жасанды интеллект туралы қазақ тіліндегі көпшілікке арналған тұңғыш қолданба QazGPT екендігін мәлімдейміз. Қолданба кез келген сұраққа қазақ тілінде жауап береді. Оны жеке өмір мен кәсіпте ұтымды пайдалануға болады. Бүгінде сайтқа 5 500 адам тіркелген, 200 адам күнделікті қолданады. Сайтқа браузер арқылы телефоннан да, компьютерден де кіре аласыздар. Қазіргі кезде үш қабілеті бар. Біріншісі – мәтін жазып беру, екіншісі – сурет шығарып беру, үшіншісі – ағылшын тіліндегі бейнежазбаның мазмұнын баяндау. Қиялыңыздағы кез келген дүниені жасауға болады. Ешқандай шек жоқ. Мысалы, сізді бір сұрақ мазаласа, оны платформаға жазасыз, ол толыққанды жауап береді. Тек жауап қана емес, жұмысыңызды жүйелеп, сізге небір қызықты идеялар ұсынып, тіпті өлең де жазады. Сосын өзіңіздің қиялыңыздағы суретті салдырта аласыз. Ал ағылшын тіліндегі бейнежазбаның мазмұны – сіздің білім алуыңызға, дамуыңызға өте пайдалы.
Мысалы, жасанды интеллектімен жұмыс жасай бастаған компаниялардың 40 пайызы көп уақыт өтпей, оны тоқтатқан. Себебі олар құпияларының жариялануынан қорыққан. Бір жылдары Google өзінің «Checks» деп аталатын өнімін таныстырған еді. «AI-мен жұмыс істейтін құпиялылық платформасы» деп аталатын өнімнің басты артықшылығы – бизнестің, идеяның, команданың ішкі құпиясын сақтайды. Сонда түсінгенім – жасанды интеллектіні дамытуға ешкім шек қоя алмайды, ғылым дамыған сайын жасанды интеллект те дамуын тоқтатпайды. Ал қауіп пен құқық жағындағы шектеу заңның аясында болуға тиіс. Бәрібір де абсолютті бостандық жоқ. Шындап келгенде шектеу мәселесі тек бір мемлекеттің деңгейінде емес, әлемдік деңгейде көтерілуі шарт.
Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың айтуы бойынша, алдағы уақытта кейбір отандық жоғары оқу орындарында «Google» және «Huawei» халықаралық компанияларының тиісті курстары өтпек. Корея мен Қытайдың жоғары оқу орындарымен білім беру және мамандарды бірлесіп даярлау бойынша келісім жасалды. Жасанды интеллект саласында жыл сайын 100 стартап іске қосу бойынша өршіл міндет қойылып отыр.