Қазақстандық ғарыш ғылымының елеулі практикалық жетістігі ретінде спутниктік геодезия мен радарлық интерферометрияны пайдалана отырып, ғарыштық мониторинг жүргізуді, жерүсті зерттеулер саласындағы бірегей зерттеулерді дамытуды және Астана, Алматы қалалары мен Солтүстік Тянь-Шань аумағының жер қыртысында болып жатқан табиғи және техногендік апаттарды қалыптастыру үшін ғылыми негіз жасауды айтуымыз керек.
Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған «Қазақстандық ғарышкерлердің қатысуымен ғарыштық зерттеулер – Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытудың негізі» жұмыстар топтамасын соңғы 30 жылдағы еліміздегі ғарыш ғылымының даму қорытындыларын жаһандық қорыту деп қабылдаймыз.
Зерттеу тобының құрамында Қазақстандағы ғарыш ғылымы дамуының бастауында тұрған белгілі ғалымдар мен ғарышкерлер бар. Ұсынылған жұмыстар циклінде бүгінде Қазақстанда жаңа ғылыми бағыттарды іске асырып, оларды әлемдік ғарыш ғылымының талаптарына сәйкес дамытуды жалғастырып жүрген отандық ғалымдар мен ғарышкерлердің ғарыш ғылымы мен елдің ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі көрсетілген.
Қазақстан – қазақстандық ғарышкерлердің ұшуы арқасында басқарылатын кешендерде әртүрлі бағыт бойынша ғарыштық эксперименттер жүргізудің, ғарыштық зерттеулерді дамытуда серпіліс жасаудың бірегей мүмкіндігіне ие болған санаулы елдердің бірі. Дәл осы қазақстандық ғарышкерлердің ұшуы, басқарылатын кешендерде ғылыми зерттеулер мен эксперименттердің орындалуы және алынған нәтижелер Қазақстанда ғарыш саласының табысты қалыптасуы мен дамуына ықпал етті. Сондай-ақ Қазақстанды ғарыштық зерттеулердің әлемдік деңгейіне шығарды және еліміздегі ғарыш саласының ғалымдары мен мамандарына өз жұмыстары мен технологиялары арқылы әлемдік ғылыми ғарыш қауымдастығына қосылуға мүмкіндік берді.