Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҒАРЫШ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ИГЕРУДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ ҚАНДАЙ?

21 ноября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҒАРЫШ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ИГЕРУДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ ҚАНДАЙ?
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан ғарышкерлік дамуының басынан бастап ғарыш кеңістігін игерумен байланысты болды.”Байқоңыр” ғарыш айлағынан алғашқы жасанды Жер серігі 1957 жылы ұшырылғаны белгілі. Әлемдегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин де 1961 жылы “Восток” ғарыш кемесімен қазақ даласынан ғарышқа аттанды.Қазақстандық ғарышкерлердің ұшуы кезінде басқарылатын кешендердің бортында әлемдік ғарышкерліктің негізгі бағыттары бойынша ғарыштық эксперименттер жүргізілді. Қазақстандық ғарышкерлердің “Мир” ОК мен ХҒС-тағы ғылыми бағдарламаларын орындау арқылы айтарлықтай ғылыми және қолданбалы маңызы бар нәтижелер алынды.

Бұл бірегей оқиғалар – ХХ ғасырдың ең үлкен жетістігі. Кейіннен АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Италия сияқты елдер де өз азаматтарын ғарышқа ұшыра бастады. 70-жылдардың басында бұл қатарға Жапония, Қытай, Нидерланд, Испания және басқа елдер қосылды. Қа­зіргі таң­да әлемнің 200-ден астам елі ғарыш қыз­метімен айналысады. Олар­дың көпші­лі­гінде өздерінің ғылыми және қолданбалы маңызға ие жасанды се­рік­тері бар.

Биыл – отандық ғарыш ғылымы және бүкіл Қазақстан үшін айтулы жыл. Нақ­ты айтқанда, 2021 жылғы 12 сәуірде әлем жұртшылығы адамзаттың ғарышқа ұшуына 60 жыл толғанын атап өтті. Бұл оқи­ға басқарылатын космонавтиканың әлем­дік символы болды.

Осы уақыт аралығында 570-ке жуық ғарышкер-зерттеуші ғарышта болған екен. Ал олардың 150-ден астамы ғарышқа қазақ жерінен ұшып, «Байқоңырда» ғарышкер мәртебесін алды.

Қазақстанда басқарылатын кешендер­дегі ғарыштық зерттеулер қазақтан шық­қан тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіровтің ұшуы­мен тікелей байланысты. Дәлірек айт­қанда, аталған зерттеулер 1991 жылы «Қазақстан-Ғарыш» нысаналы кешенді ғы­лыми бағдарламасы аясында серпінді дами бастады.

Академик Ө.М.Сұлтанғазиннің ғылы­ми жетекшілігімен Қазақстан Республикасының ҒЗИ мен ЖОО және Ресей Фе­дерациясының ғарыш саласы ұйым­да­рының ғалымдары мен мамандары «Мир» ОК бортында ғылыми зерттеулер мен эксперименттердің бағдарламаларын сәт­ті орындады. Бұл жұмыстарға қазақс­тан­дық ғарышкерлер де қатысты.

Әлемдік басқарылатын ғарышкер­лік­тің даму тәжірибесі және «Мир» ОК мен ХҒС бортында Қазақстан Рес­пуб­ликасының ғылыми ізденістері мен ға­рыштық эксперименттерінің бағ­дар­­­ламаларын іске асыру ұшу алдын­дағы кезеңде даярлықтан өтетін ғарыш­керлерге жаңа бірегей ғылыми нәти­желерді алуда айқындаушы рөл бері­ле­тінін көрсетті. Бұл өздерінің функцио­нал­дық міндеттерін орындау және ұлттық ғы­лыми бағдарламалар шеңберінде ға­рыш­тық зерттеулер мен эксперименттер жүргізу үшін ғана емес, штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде бірін-бірі өзара алмастыру мақсатымен басқа елдердің ғылыми бағдарламаларын іске асыру үшін қажет болды.

Алдыңғы жаңалық

ҚАЗАҚСТАНДА ҒАРЫШ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ ҚАЛАНУДА

Келесі жаңалық

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒАРЫШ САЛАСЫНЫҢ АЯҚ АЛЫСЫ ҚАЛАЙ?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі