2023 жылдан бастап Қазақстанда өнім мен егістік алқаптарына спутниктік мониторинг орнатылды7
Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр:
— Бұл ауылшаруашылық статистикасы саласы бойынша нақтырақ мәліметтерді қалыптастыруға көмектеседі. Мәліметтерді жинау KazEOSat-1 және KazEOSat-2 екі жерсерігі негізінде 2014-2015 жылдары құрылған Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) жүйесімен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта қашықтықтан зондтау орман өрттерін бақылауда, метеорологиялық зерттеулерде және басқа да бірқатар тапсырмаларда қолданылады. 2026 жылға қарай Қазақстан әлемдік нарыққа өз спутниктерін жеткізеді. Сонымен қатар, «Орталық Азия елдеріне ғарыштық байланыс жүйесі қызметтерін экспорттау бойынша жұмыстар жүргізілуде, — дейді.
Қазақстан өзінің ғарыштық бағдарламасын 2004 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Алайда бүгінде бұл аймақ қызу халықаралық бәсекелестіктің аренасына айналды. 2019 жылдың өзінде-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы басты қарсыласы Өзбекстанда өзінің ғарыш бөлімі пайда болды. 2018 жылдың желтоқсанында Сауд Арабиясы мен Түркия ұлттық ғарыш агенттіктерін құрды, ал саудиялықтар өздерінің ғарыштық бағдарламасын бекітті.
Осындай жағдайларда Қазақстан өзінің ғарыш тәжірибесіне сүйеніп, оны беделді капитал ретінде пайдалануға тырысады. Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев Жиддаға сапары кезінде саудиялық компанияларға ғарышты игеру саласында ынтымақтастық орнатуды ұсынды. Сонымен қатар, бірқатар жаңа ойыншылар арасында «орбитаға секіру» аясында Қазақстан Республикасының ғарыш саласындағы нақты жетістіктері өте қарапайым болып қалып отыр.
«KazAeroSpace» корпорациясының басшысы Бағлан Қазиев:
– Қазақстан бірқатар салаларда ғарыштағы бәсекелестіктен артта қалып қойды. Біріккен Араб Әмірліктері алға озды, мен олармен бір тілде сөйлей алатынымызды елестете де алмаймын… Ал 15 жыл бұрын біз БАӘ-мен бір деңгейде едік. Соған қарамастан, Қазақстан өз спутниктерін шығаруға қауқарлы деп есептеймін.
Кейбір саясаткерлер ғарыш саласындағы сәтсіздіктерді ведомстволық басқарудың қате есептеулерінен деп санайды. Қыркүйек айында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева тәуелсіз Ұлттық ғарыш агенттігін (2007-2014 жылдары болған) қайта жандандыруды ұсынып, Роман Склярға өтініш білдірді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ғарышты игеруді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрылымындағы тиісті комитет жүзеге асырады.
Өткен жылдың маусымында министрлік алыс-жақын ауылды аймақтарды интернет пен байланыспен қамтамасыз ету үшін еуропалық және американдық спутниктерді пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.
Ғарыш саласына жауапты министрлік есептеріне сәйкес, цифрландыру мәселелеріне басымдық берілген – 2022 жылы оларға 92 млрд теңге бөлінді, бұл басқарманың барлық шығындарының 75%-ын құрайды.
Спутниктік инфрақұрылымға 4 миллиард теңгеден сәл астам қаржы бөлініп, 2023 және 2024 жылдарға арналған бюджет жобасында бұл сома 3 миллиардқа дейін қысқартылған. Ғарыш саласындағы негізгі шығыстар «Бәйтеректі» жүзеге асыруға және дамытуға бағытталған – 2022 жылы оған 23 млрд теңге бөлінді, 2023 және 2024 жылдарға бұл соманы екі есеге арттыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, спутниктер бүгінде Қазақстан үшін маңызды табыс көзі болып қала бермек. 2020 жылға қарай қазақстандық ғарыш аппараттарынан жер бетінің суреттерін сату ішкі нарықта 12,6 миллион теңгені құраған. Бұл ретте ел шетелдік жерсеріктерден фотосуреттерді сатып алудан бас тартты: 2014-2019 жылдары бұл Қазақстан үшін 45 миллион доллар үнемдеді. 2019 жылы KazSat жүйесін пайдаланудан Қазақстан үшін таза пайда шамамен 964 миллион теңгені құрады.
Ал, спутниктік жобалардың Қазақстан үшін беделі ғана емес, қауіпсіздігі жағынан да маңызы зор. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың маусымында еліміздің ғарыштық егемендігіне қауіп төніп тұрғанын атап өткен болатын. Роман Склярдың айтуынша, қорғаныс қажеттіліктері үшін бірқатар жаңа қашықтықтан зондтау спутниктері пайдаланылады.
Ақорданың осыған назар аударғанын ескерсек, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан ғарышты игеруде ілгерілеушіліктер болады деп болжауымызға болады.