Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ CALL-ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

1 сентября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ CALL-ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сall-орталық денсаулық сақтау саласындағы сапаны жақсарту үшін Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы жанынан құрылды. Оған өңірдегі кез келген тұрғын 1305 қысқа нөмірін теру арқылы хабарласа алады. Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов, Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Марат Пашимов қатысты.

Сall-орталықтың негізгі міндеті – облыстық медициналық қызметтердің жұмысын үйлестіруді жақсарту, азаматтардың барлық өтініштерін уақтылы бақылау, сондай — ақ ақпараттық-талдау орталығын құру, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету. Бұл – «Бір терезе» қағидаты бойынша денсаулық сақтау мәселелерінде қала мен облыс тұрғындарына қызмет көрсетуге арналған бірыңғай медициналық Call-орталықтың мамандандырылған бағдарламасы.

Тұрғындар Call-орталыққа қоңырау шалып, белгілі бір медициналық мекеменің немесе нақты маманның жұмысы туралы шағым жасап, денсаулық сақтау саласында кәсіби жауаптар ала алады. Call-орталыққа келіп түскен шағымдар шұғыл түрде қаралып, операторлардың қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігерлердің орынбасарларымен тікелей байланысы арқылы пысықталатын болады. Орталықта 12 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 10 оператор елге қызмет етеді. Олардың бәрі – медицина саласының өкілдері.

Шағымдар негізінде тоқсан сайын облыстың медициналық ұйымдарының рейтингтері жасалады. Бұл бағдарлама халыққа қызмет көрсету саласындағы медициналық мекемелер жұмысының сапасын, жеделдігін және айқындығын арттыруға мүмкіндік береді.

1305 нөміріне Түркістан қаласы бойынша ұялы телефондардан (барлық ұялы байланыс операторлары) қоңырау шалу-тегін. Сонымен бірге WhatsApp арқылы 87711031313 нөмірі бойынша хабарлама қалдыра аласыз немесе 1305.kz@mail.ru электрондық почтасына хат жазуға мүмкіндік бар. Бұл орталық медицина мекемелері мен халық арасындағы байланысты жақсартып, қызмет сапасын арттырады деп жоспарланып отыр.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ҚАНДАЙ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫ САЛЫНАДЫ?

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі