Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ИММУНДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

1 сентября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАНДА ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ИММУНДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Коронавирус індеті қоғамда үрей туғызып отырғаны жасырын емес. Түшкіргенге аларып қарайтын жұрт көпшілік ортадан бойын аулақ ұстауға тырысады. Осындай көңілі алаң көпшілікке WhatsApp әлеуметтік желісінде Түркістанда карантин күшейтіліп, қаланың жабылатыны туралы таралған ақпарат оңай тимегені анық. Иә, соңғы күндері Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмаудың белгілерімен дәрігерлік көмекке азаматтар жиі жүгінуде. Науқастарда дене қызуының көтерілуі, жөтел және әлсіздік байқалған.

Медициналық тексеру нәти­жесінде олардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталып отыр. Тексеру барысында науқастардан коронавирус инфекциясына теріс нәтиже шыққан. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық басқар­масының басшысы Марат Пашимов ауруханаға түскен азаматтардан шұғыл түрде Covid-19 инфекциясына талдама алынатынын мәлім етті. Талдама анықталғанға дейін олар провизорлық бөлімде ем қабылдап, теріс нәтижесі шыққандары аурухана бөлімдеріне жатқызылып, тиісті емдерін қабылдауда.

«Статистика бойынша қазіргі таңда Түркістан об­лы­сындағы ауруханаларда 303 науқас пневмониядан ем қабылдауда. Жалпы, 87 азамат жазылып шыққан. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде ауруханаларда орын жетіспеушілігі туралы қауесет тарады. Бұл ақпарат та шындыққа жанаспайды. Ауруханаларда науқастарға төсек-орын жеткілікті. Кентау қалалық орталық ауруханасында 50 орындық соматикалық бө­лімше қайта даярланды. Түр­кістан қалалық орталық ауру­ханасында да қосымша 30 төсек-орын әзірленген. Орын алған жағдайға байланысты науқастарды жос­парлы жатқызуларға шектеу қойылған. Жеке клиникалар да өздеріне бекітіл­ген тұрғындарға тиісті меди­циналық қызмет көр­сетеді», деді М.Пашимов.

Сондай-ақ облыстың бас дәрігері өңір тұрғындарын қарантин режімін сақтап, инфекцияның таралуына­ жол бермеуге шақырды. Ме­­­­­­­­­­ди­­­циналық бетперде та­ғып,­­ антисептикалық заттарды­ үнемі қолдануға және екі метр қашықтықты сақтай отырып, қауіпсіздік шараларын қа­дағалауды ескертті.

Ал облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов карантин режімі облыс аума­ғында эпидемиялық ахуал тұрақтанған кезеңге дейін жал­ғасатынын айтты.

«Эпидемиялық ахуал тұ­рақтануы үшін өсім 1 ап­та көлемінде 5%-дан аспауы қажет. Егер өсім 2%-дан аспаса, қосымша жеңілдіктер енгізілуіне негіз болады. Ал өсім көрсеткіші төмендемеген жағдайда карантиндік талаптар қайта күшейтіледі. Тұрғындарға қарапайым сақтық шараларына ерекше назар аударылуы тиіс екенін еске саламыз», деді Нұрбек Садықбекұлы.

Облыстың бас санитар-дәрігері отбасылық, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-ша­рал­ар­ды өткізуге, сауда ойын-са­­у­ық орталықтары жа­нын­­дағы ба­лалардың ойын алаң­дары, кинотеатрлардың, театр­лар­­дың, көрмелердің, түнгі клуб­тардың, батут және фуд­корттардың жұмысына, мал базарларының қызметіне ты­йым салынғанын айтты. Ка­рантин режімін және шектеу шараларын сақтамаған тұлғаларға еліміздің заң­намасында белгіленген та­лап­­­тарға сәйкес, әкімшілік жауап­­кершілікке тарту бойын­ша шара қолданылатынын ескертті.

Нұрбек Нышановтың айтуынша, Түркістан облысы бойынша коронавирус індетін жұқтырған 594 жағдай тіркелген. Ауырғандардың 7- і қайтыс болып, 265 адам жазылып шыққан.

Яғни Түркістан қаласын­дағы жағдайға қатысты WhatsApp әлеуметтік желісінде таратылған  ақпараттар жалған болып шықты. Осы орайда облыс әкімдігі тұрғындарды ресми расталмаған ақпараттарды қабылдамауға және таратпауға шақырды. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлімдеді.

Нұрбек Садықбекұлының айтуынша, облыс бойынша 2023 жылға жергілікті бюджет қаржысынан тұмауға қарсы Ресейде шығарылған «Гриппол+» вакцинасының 248 691 дозасы алынған. Осы ретте тұмауға қарсы егумен облыс тұрғындарының 12,2% қамту жоспарланған.

— Өздеріңізге белгілі күз мезгілі жіті респираторлық вирусты инфекциялар мен тұмау ауруының өрши түсетін кезеңі. Осыған байланысты 1-қазаннан бастап, Республика көлемінде, оның ішінде Түркістан облысында да тұмауға қарсы иммундау науқаны басталады. Облыс бойынша 2023 жылдың 8 айында ЖРВИ инфекциясы бойынша 102 718 жағдай тіркелген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25 есеге өскен. Дегенмен салыстырмалы түрде аурушаңдық эпидемиологиялық бақылау деңгейінен асқан жоқ, — деді департамент басшысы.

Сонымен қатар, брифингке қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев облыс бойынша 609 инфекциялық төсек-орын ұйымдастырылғандығын айтты. Оның ішінде 330 ересектерге болса, 279-і балаларға арналған төсек орын.

Алдыңғы жаңалық

"ТАРИХЫ ТЕРЕҢ - ТҮРКІСТАН": ТҮРКІСТАНДА АУРУҒА ЕМ КӨКТАС БАР

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА СОҢҒЫ АЛТЫ АЙДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПАРАЗИТТІК АУРУЛАР ТІРКЕЛМЕГЕН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі