Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА СОҢҒЫ АЛТЫ АЙДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПАРАЗИТТІК АУРУЛАР ТІРКЕЛМЕГЕН

1 сентября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАНДА СОҢҒЫ АЛТЫ АЙДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПАРАЗИТТІК АУРУЛАР ТІРКЕЛМЕГЕН
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Халықты иммундау шараларының іске асырылу барысы айтылды

Түркістан  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде алты айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті, деп хабарлайды .

Оған департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен қалалық, аудандық басқармаларының басшылары қатысты. Бірінші болып инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық ахуалы сөз болды.

Департамент басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов өз баяндамасында бірқатар нозологиялар бойынша аурушаңдық көрсеткіштерінің төмендегенін, сондай-ақ кей түрлері бойынша өсу тенденциясының байқалғандығын, оның себеп-салдарына тоқталды. Халықты иммундау шараларының іске асырылу барысын мәлімдеді.

Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері халықтың санитариялық-эпидемиялық саламаттылығы саласындағы талаптарға сәйкестігі бойынша 213 нысан тексерілген. Бұзушылық анықталған объектілерге жалпы 61 млн аса айыппұл салынды.

Ал облыс бойынша соңғы алты айда COVID-19 6,6 есеге, бруцеллез 2 жағдайға, эхинококкоз 26,6 пайызға төмендесе, оба, дифтерия,  полиомиелит, туляремия, тырысқақ, сіреспе, паратиф, сібір жарасы, құтыру сынды инфекциялық және паразиттік аурулары тіркелген жоқ.

Мәжіліс соңында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды күшейту және  сыбайлас-жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу, мемлекеттік қызметшілердің этикасы, нысандарға бармай бақылау мен СЭҚ беруге қатысты жұмыстардың тиісті деңгейде атқарылуы керектігі тапсырылды.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ИММУНДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ ЕНДІ "АШЫҚ ЖӘНЕ АДАЛ ЕМХАНА" БОЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі